13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

9 января, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР, СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мәдениет, өнер, спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында «Жыл үздігі» номинациясының иегерлері анықталып, арнайы марапатталды.

2022 жылды қорытындылау мақсатында өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров қатысып, жыл үздіктерін жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол мәдениет, өнер, спорт саласының қызметкерлері қандай марапатқа болса да лайықты екенін, аталған салалардың қызметкерлері ел идеологиясының нығаюына, халықаралық жарыстарда спортшыларымыз еліміздің көк туын желбіретіп, абыройының артуына үлес қосып жатқанын атап өтті.

«Міне, көзді ашып, жұмғанша тағы да бір жыл тарих қойнауына еніп, жаңа жылмен қауышар сәт те келіп жетті. Жаңа қоян жылының төрімізге озып, барыс жылы күнтізбесінің аяқталар шағына санаулы күн қалды. Қазақ халқы «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп, өткен жылды саралап, келер жылға үлкен үміт артып, игі тілектер тілейді. Жаңа жылды қарсы алмас бұрын ескі жылдағы еселі істеріңізге көз жүгіртіп, істеген жұмыстарыңызға жоғары баға беру мақсатында осы іс-шара өтіп отыр» — деді Нұрбол Жақсылықұлы.
Ізгі тілегінен соң аудан әкімінің орынбасары мәдениет саласындағы, тілдерді оқыту және дамыту орталығының, аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкерлерін және спорт саласындағы үздік спортшылар мен білікті жаттықтырушыларды «2022 жылдың Жыл үздігі» номинациясымен марапаттады.
Айта кетейік, мерекелік іс-шарада ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәттеев, аудандық мәдениет үйінің директоры Серғазы Байдуллаев, орталықтандырылған кітапхананың директоры Гүлмира Ақбаева және «Мырзакент» спорт клубының директоры Бекжан Назарбеков құттықтау сөзге шығып, марапаттау шарасын жалғастырды.

Previous Post

«AMANAT»: ЗАҢ ШЫҒАРАТЫН ДЕПУТАТ БОЛСА, ДЕПУТАТҚА ЖОЛ СІЛТЕЙТІН – ХАЛЫҚ

Next Post

ОРДАБАСЫ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі