13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

12 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«TeenLights» командасы «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларынан құрылған.
Түркістан облысының оқушылары робот құрастырудан бірінші орынға ие болды. Алматы облысы, Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті. Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларынан Осылайша дарынды оқушылар Астана қаласында өтетін «First Kazakhstan — 2023» робот құрастырушылар сайысына жолдама алды. Мұнда жеңіске жеткендер Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық сындарға қатысады деп күтілуде. Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «Teen Lights» командасын сайысқа білікті жетекші Сәкен Далмырзаев бастап барды.

Фестиваль халықаралық FIRST ережелері бойынша екі бағытта өтті. Бірінші бағыт – FIRST LEGO League Challenge, оған 10-16 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Екінші бағыт — FIRST Tech Challenge. Онда 12-18 жас аралығындағы оқушылар бақ сынасты.

«Оқушыларымыздың арасында робототехника танымал болып келеді. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Сондай-ақ қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, қазан айында оқушыларымыз Женевада өткен робототехникадан FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетті. Кейін шымкенттік оқушылар Дортмунд қаласында өткен робототехникадан халықаралық олимпиадада алғаш рет екінші орынды иеленді. Бұл жеңістің барлығы біздің дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымыздың дәлелі. Робототехниканы дамыту және танымал ету үшін «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында алғаш рет республикалық роботтар фестивалін өткізіп отырмыз. Жарыс жеңімпаздары робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарына қосылып, алдағы уақытта «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысуға мүмкіндік алады, — деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әнуар Унайбеков. Айта кетейік, соңғы екі жылда 2 мыңға жуық мұғалім робототехника курсынан өткен.

Previous Post

ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында туризм саласында жеткен жетістік қатары артып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі