13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

12 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙЛЫҚ СПОРТШЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы «Оқсыз» спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Оған 2006-2007 жылғы жас балуандар мен 2008-2009 жылғы жасөспірімдер қатысып, шеберліктерін шыңдауда. Қазақ күресін жанына серік еткен балуандар бәсекесінің ашылу салтанаты да жоғары дәрежеде өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Оқу-әдістемелік және жоғары жетістіктері бөлімінің басшысы Арман Мырзабаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан облысының жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Айдос Сералиев бүгінде ауыл жастарының қазақ күресі спортына ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтты. Белдесіп, тай-құлындай жарысып өсіп келе жатқан қарадомалақтарымыз көп.

Бұл жас балуандар арасында тартысты әрі қызықты өтіп жатқан облыс чемпионатына 10 салмақ бойынша 300-ден астам жас спортшы қатысуда. Айта өтерлігі, додада топ жарып, жүлде алғандар алдағы кезде Семейде өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды. Бұл жарыста әрбір спортшы бапкерлердің қатаң іріктеуінен өткен.

Облыстық чемпионатқа Жетісай аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бір топ жас палуандары қатысып, спорттық шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты. Чемпионаттың қыздар арасында өткен жарыс кезеңдерінде Жетісай ауданының  сұлу да, сымбатты ару қызы 65 кг салмақ дәрежесіндегі Турсунова Гулноза Халимқызы жүлделі III орынға қол жеткізіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды.

Спортшының жаттықтырушысы Турсунов Муротхон Джурабайұлы. Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары жеңімпаз спортшыны қол жеткізген жүлделі III орнымен құттықтап отыр.

Previous Post

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРТУАР ТҰЛҒАСЫ ДІНМҰХАММЕД ҚОНАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 111 ЖЫЛ

Next Post

Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі