13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында туризм саласында жеткен жетістік қатары артып келеді

12 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Отырар ауданында туризм саласында жеткен жетістік қатары артып келеді
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылы Отырар ауданына 420 мыңнан аса турист келген. Қазақ өркениетінің алтын діңгегі саналған Отырар жеріне жер жүзінен аса қызығушылықпен келетін ғалымдар мен саяхатшылар жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, 2022 жылы 420 064 турист осы қасиетті жердің көне тарихына қызығып, киелі Отырарға саяхат жасаған. Оның ішінде Арыстанбаб кесенесіне – 350 007 адам, «Отырар қалажұртына» – 48 916 адам, сапар орталығына – 9 416, ал музей экспозициясына – 11 724 адам келген. Бұл тарихи орындар бүгінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің иелігіндегі нысандар болып саналады. Айта кетерлігі, өткен жылы желтоқсанда археолог-ғалымдар мен реставраторлар «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы аясында тиісті жұмыстарды толығымен аяқтады. Енді Отырар қалашығы ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істеп, туристерді қабылдайды. Ғалымдар ежелгі қалашық аумағында Ақ Орда билеушісі Ерзен хан салған Ханаканың орнын тапты. Сондай-ақ, мамандар күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт пен XV ғасырдың басында Әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған Бердібек сарайын ішінара реставрациялады, «Жарақты», Солтүстік және Сопыхан қақпаларын толығымен қалпына келтірді. Қалаға «Жарақты» қақпасы арқылы кірген тұста тұрғын үйлер мен қыш шеберханасы бар кешен табылды. Тұрғын үйлердің маңында өндіріс орындары орналасқан, онда қыш ыдыстар жасалатын екі камералы пеш пен қыш бұйымдар кептірілетін алаң анықталды.
Ғалымдар тұрғын үйлердегі шеберханалар XV-XVI ғасырларда жұмыс істегенін айтады. Сондай-ақ, XVII ғасырдағы базар алаңында да қазба жұмыстары жүргізілді, онда наубайхана кешені және тұрғын үй орамы анықталып, реставрациялау мен консервациялау жұмыстары жүргізілді. Үш жылға созылған ауқымды жоба аясында ескерткіштерді сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Отырар қаласының аумағында бейнебақылау камералары орнатылды, көшелер электр шамдарымен жарықтандырылды, жаяу жүргіншілер мен электрокарларға арналған жолдар салынды, туристердің демалуына арналған орындықтар, субұрқақтар, модульдік дәретханалар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Бүгінде Отырар қалашығының аумағында ауқымды жұмыс атқарылды. Енді Алматы Тараз, Шымкент, Түркістан сияқты қалаларды және оңтүстік өңірдің барлық негізгі мәдени-тарихи объектілерін қамтитын «Ұлы Жібек жолы» гранд-маршруты құрылмақ.
Туристерге Тараздағы Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелерін, одан әрі Шымкенттегі Ибраһим ата кесенесі мен цитадельді, Түркістандағы Арыстан баб және Ахмет Яссауи кесенелері, кейін Отырар және Сауран қалашықтары сияқты тарихи-мәдени нысандар кіретін туристік бағыт ұсыну жоспарда бар. Егер турпакеттер дұрыс ұйымдастырылса, бұл бағыт шетелдіктер үшін ғана емес, жергілікті туристер үшін де қызықты болатыны анық. Бұл ретте, таяуда отандық туроператорлар халықты 1-7 күн ішінде киелі және тарихи орындарға апару бойынша турлар ұсынуға дайын екенін жеткізген болатын. Көне тарихымыздан сыр шертетін осынау бай мұраларымызды насихаттай отырып ішкі туризмді дамыту — алға қойылған негізгі міндеттердің бірі. Әрине, киелі нысандар мен табиғатты тамашалауға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай жасалуы қажет. Бұл бағытта аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тапсырмасына сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Previous Post

Түркістандық оқушылар робот құрастырудан бірінші орынға ие болды

Next Post

Шымкентте жаңа электр станциясы салынады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі