13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АТАЛЫМЫ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АТАЛЫМЫ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Жыл үздігі-2022» атанған азаматтары марапатқа ие болды. Салтанатты жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз салалары бойынша үздік атанып, еңбегімен, отаншылдығымен танылған түрлі сала өкілдерін құттықтады.

– Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамдарының мәртебесі әрқашан биік екенін айтқан болатын. Бүгін біз өңірдің дамуына үлес қосқан үздіктерге құрмет көрсетеміз. Елінің патриоты, мемлекетшіл тұлғалардың арқасында Түркістан облысы биыл әлеуметтік-экономикалық өсімнің оң көрсеткішіне ие болды. Көне мен жаңаның, тарих пен болашақтың ордасы атанған Түркістанды түркітілдес елдердің рухани-мәдени астанасы етіп, туризм орталығы ретінде ары қарай дамыту – сіз бен біздің парыз! Біз Сіздер секілді көшбасшылармен, қайраткерлермен бірге Жаңа Қазақстанды, Жаңа Түркістанды дамытамыз! Марапаттарыңыз құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.

Өңір басшысы жылдың үздік мекемелері мен кәсіпорындарының жетекшілерін марапаттап құрмет көрсетті.
Жиында облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет, табиғат, энергетика және коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік салалары бойынша жыл үздіктерін марапаттады. Ал облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев мәдениет, спорт, білім, денсаулық, қоғамдық даму, архив салалары бойынша жыл үздіктеріне марапаттарын тапсырды. Жалпы 43 аталым бойынша үздіктер құрметке бөленді.
Түрлі салада облыстың, еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтардың, еңбек адамдарының мерейі тасыған кеште республикаға танымал әншілер мен өнер ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды. Өте мағыналы әрі мәнді үйлестірілген салтанатты іс-шараға көпшілік қауым ризашылығын білдіріп, үздіктерге шын ықыласпен құрмет көрсетті.

Previous Post

САРЫАҒАШ: ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі