13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті. Шарада оңтүстік өңірде кәсіпкерлік саланы дамытып жүрген азаматшалар бас қосты. Ел экономикасының ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің еңбегін атап өткен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев форум қатысушыларына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Алғыс хатын табыстады.

— Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Маңызы айрықша форумда өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамыған. Жыл басынан бері 35 429 жаңа кәсіпкерлік субъектісі құрылған. Статистикаға сәйкес, өңірде шағын және орта кәсіпкерліктің 32 пайызында әйел адамдары басшылық жасауда. Яғни, Түркістан өңірінде жұмыс істейтін әрбір үшінші кәсіпкер — әйел кәсіпкерлері болып табылады, — деді ол.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында еліміздегі алғашқы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» осыдан бір жыл бұрын Түркістан қаласында құрылған болатын. Түркістан облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаеваның сөзінше, орталықтың мақсаты — кәсіпкер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, бизнесті жүргізу үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау.

Форум соңында Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Біргебайқызының «Еңбегі жанған арулар» төсбелгісі мен Алғыс хатын табыстау рәсімімен қорытындыланды. Атап өтетін жайт, әйел кәсіпкерлері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану бойынша да белсенді.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатыса отырып, олар өз кәсібін дөңгелетіп, ауқымын кеңейтуде. Айта өтсек, 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6%-бен несиелер берілген. Өңірде кәсіпті нәсіп етіп жүрген нәзік жандыларды қолдау шарасы жалғасын табады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АТАЛЫМЫ КІМГЕ БҰЙЫРДЫ?

Next Post

ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі