13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Босқындарды саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде ақтау бойынша ауқымды істер атқарылып жатыр

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Босқындарды саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде ақтау бойынша ауқымды істер атқарылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы екі заң жобасын әзірледі. Мемлекеттік комиссия әзірлеген заң жобалары «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын және зардап шеккендерді ақтау туралы» және «Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескендер мәртебесі және саяси ақтау туралы» деп аталады.
«Аталған заңдарды Парламент қабылдағаннан кейін кеңестік кезеңдегі қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендер толық ақталады. Өйткені, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау тиісті заңдар қабылдаған соң ғана жүзеге асады. Аталған мәселенің шешімі ендігі жерде Парламент депутаттарының өкілеттігі мен жауапкершілігінде екенін атап өткім келеді», – деді сала жауаптылары.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін елде мемлекеттік комиссия 311 349 саяси қуғын-сүргін құрбанын ақтаған. Тарихыңды танып-түстемей келешегің кемелденбейді. Тарихи дерек-дәйек шындықпен өріліп, ақиқатқа суарылуы тиіс. Онсыз жалған оқиға, жалаң жайттар қаптай бермек. Елдігіміздің іргесі саналатын тарихымызды түгендеу бағытындағы жұмыстар егемендігімізді алған уақыттан кейін қарқын алып, еңсесін тіктеді.
Еске салсақ, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, яғни 31 мамырда халыққа жасаған үндеуінде былай деген болатын: «Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның шаруасы. Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз».
Босқыншылық жалпы үш бағытта өрбіп отырды. Біріншісі – ішкі босқыншылық. «Суға кеткен тал қармайдының» кебін киген бейбіт халық жан сақтау үшін сауға сұрап елімізідң бір өңірінен екінші аймағына босып көшті. Саяси қысымдардың қысуы бір соққы болса, қолдан ұйымдастырған аштық, жоқшылық екінші соққы болып халықтың ішкі босқыншылықты үдетуіне әкеліп соқты. Одан кейін бұрынғы одақтас елдерге де босып кетті. Екіншісі – алыс шетелдерге ауған босқыншылық. Елін тастап ауа көшкен халық Пәкістан, Иран, Ауғанстан, Түркия, Германия, Қытай сынды мемлекетті паналады. Енді комиссия мүшелері тарапынан босқындардың санын анықтау, олардың қай жерде тұрақ тапқанын әрі саяси қуғын-сүргін зобалаңын тартқанын айғақтап, ақтау мәселесі өзекті болып отыр.
1916 жылы көтерілістен кейін босып кеткендерге қатысты жеке қор сақталған. 265-қор деп аталатын құжатта 101 іс бар. Бұрын ешбір зерттеушінің қолы тимеген, ешкімнің назарына ілінбеген іс. Бұл құжатта көптеген тарихи дерек жазылған. Өңірде босқындар мәселесі бұған дейін ақтауға жатпаған, қаралмай келген еді. Енді сең қозғалды, осы бақытта яғни босқыншылыққа қатысты, босқындардың саяси қуғын-сүргін құрбаны екенін айқындап, ақтау жөнінде де ауқымды істер атқарылып жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар іске асты

Next Post

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК КӨП

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі