13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар іске асты

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ауқымды шаралар іске асты
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Туған өлке тарихы» интеллектуалдық ойынының қорытынды сайысы ұйымдастырылды. Мерекеге орай өткен сайысқа жалпы ауданнан 32 топ қатысты. Екі кезеңнен тұратын интеллектуалды ойында тарихшы, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы төрелік еткен болатын. Сайыста жүйріктер ауданның тарихы, жер-су атаулары мен Төлеби бабаның өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне қатысты сұрақтар қойылып, өзара бақ сынасты.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев қатысып, жүзден жүйрік шыққандарды марапаттады. Сайыстың қорытындысында бірінші орынды «Төлеби» командасы жеңіп алса, екінші орынға «Әкімдер» командасы ие болды. Жүлделі үшінші орынды «Алатау» командасы, 4 орынды «Көксәйек» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Ауданның мерейтойына тағы бір тарту- ол спорт кешені. Бұл әлеуметтік нысан асар тәсілімен бой көтеруде. Спорт ғимаратында өлшемі 30*13, ал биіктігі 6 метр күреске арналған залда екі татами дайындалуда. Айта кететін жәйт, бұл нысанның жылу жүйесін де жомарт азаматтар өз есебінен қаржыландырып жасатып берген. Негізгі бөлмеден басқа мұнда киінетін орындар, спортшылар жуынатын орын да қарастырылған. Болашақ чемпиондарға жатақхана да салынады деп жоспарлануда.Ауданда бұдан бөлек, абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары, Ленгір-Көксәйек бағытындағы айналма жолды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тәуелсіздік алғалы 30 жылдан астам уақытта Төлеби ауданында мемлекет есебінен 30-ға жуық көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 1500 отбасы қоныс тойын тойлағанын тілге тиек етті. Ал, биыл наурыз айында дәл осы көп қабатты үйлерден 120 отбасы пәтерлі болған еді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ 80 ЖАСҚА ТОЛҒАН МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Next Post

Түркістан: Босқындарды саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде ақтау бойынша ауқымды істер атқарылып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі