13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК КӨП

5 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІК КӨП
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында кәсіпкерлік саласында жетістік қатары артып келеді. Өңірде жаңа зауыттар ашылып, өнім шетелде де сұранысқа ие болуда. Мәселен, бүгінде Түлкібас ауданында 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын «Састобе» Инновациялық кешені» ЖШС-нің инженерлік жүйесінің құрылысы басталып кетті. Зауытты су, газ және электрмен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болып, өндіріс алыбының құрылыс алаңын аралады. Аталған зауыт жеке инвестор қаражаты есебінен салынбақ. Дархан Сатыбалды аталған жобаға қолдау көрсетуді, жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды. Отандық өнімнің түрін арттырып, дайын шикізатты өндеу ісін және дайын тауар шығару өндірісін дамыту мәселесі де маңызды екенін атап өтті. Аталған аумақта индустриалды аймақ салу мәселесіне тоқталды.

Жоба 2024 жылы маусымда аяқталады деп күтіліп отыр. Іске қосылған соң зауытта жылына 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид (ПВХ) және 1 млн. тонна цемент өндірілмек. Жобаның жалпы құны – 122 млрд. 850 млн. теңге. Өңір басшысы Түлкібас ауданындағы «Кас-Бетон» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. 2008 жылы іске қосылған зауытта 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Мұнда әк тас өндіріліп жатыр. Дархан Сатыбалды аудан басшысына инвесторлармен жұмысты күшейту, өндіріс орындарын көбейту жөнінде тапсырмалар берді. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған инфрақұрылым тарту мәселесін назарда ұстауды, бұл салаға облыс тарапынан да тұрақты қолдау болатынын жеткізді.
– Орталықтан келетін бюджет қаражатына емес, кәсіпкерлік пен зауыт-фабрикалардан түсетін табысқа сенім артқан жөн. Облыста өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Елді кәсіпкерлікке баулу, жаңа кәсіпорындар ашу мәселесін назарда ұстаңыздар. Бұл негізгі индикаторлардың бірі болады. Басшылардың жұмыс нәтижесі осы саладағы жұмыстармен де есептеледі, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жөргектер және сулықтар шығаратын өндіріс орнында болды. Бүгінде аталған кәсіпорын жылына 100 млн. дана, тәулігіне 85-90 мың дана тауар шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған.

Одан кейін Дархан Сатыбалды «Медикал Центр Манкент» клиникасы мен «BELLA TRADE» жиһаз фабрикасының жұмысымен танысты. 100 орынға арналған медициналық мекемеде 38 адам жұмыспен қамтылған. Ал жиһаз зауытында 120-ға жуық адам жұмыс істейді.

Бүгінде Сайрам ауданында агросала және мал шаруашылығы өте қарқынды дамып отыр. Солардың бірі – «NUR AGRO» шаруа қожалығы. Қазіргі таңда мұнда 35 адам жұмыспен қамтылған. 3,6 гектар аумақта орналасқан шаруа қожалығында қияр мен қызанақ егіледі. Кәсіпкер бұл жобаны жүзеге асыру үшін өз қаражатын жұмсаған және «Аграрлық несие корпорациясынан» да қомақты қолдау несиесін алған.
Сайрам ауданындағы «Қайып ата» ЖШС 2016 жылдың тамыз айында құрылған. Кәсіпорын ет шаруашылығымен айналысады. 40 адам жұмыспен қамтылған. «Қайып ата» ЖШС-і етті Қазақстанға ғана емес, шет мемлекеттерге де экспорттап келеді.

Previous Post

Түркістан: Босқындарды саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде ақтау бойынша ауқымды істер атқарылып жатыр

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі