13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық өнерпаздар мерейтойға орай Душанбеде өнер көрсетті

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық өнерпаздар мерейтойға орай Душанбеде өнер көрсетті
Share on FacebookShare on Twitter

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбе қаласында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай концерт өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы елшілігінің бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Мерекелік концертте Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының жезтаңдай әншілері мен дәулескер күйшілері өнер көрсетті.

Салтанатты шараға Тәжікстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және БАҚ өкілдері мен аккредиттелген дипломатиялық корпус шақырылды. Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов өзінің құттықтау сөзінде екі ел басшылары арасындағы өзара қарым-қатынастың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестік, өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамуының оң динамикасын, сондай-ақ қазақ және тәжік халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің берік байланыстарын атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында қазақтың халық әндері мен күйлері, сондай-ақ қазақтың біртуар азаматтары Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, М.Байбосынов және басқа да авторлардың әндері шырқалды. Сондай-ақ тәжіктің белгілі әндері орындалды. Айта кетейік, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай алдағы уақытта да бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Екі ел арасында ежелден қалыптасқан жарасымды байланыс бар. Түсінігі мен ұстанымы ұқсас мемлекеттердің өзара ын­ты­мақтастығы жылдар жылжыған сайын артпаса, кеміген жоқ. Қазіргі таңда Тәжікстан – Қазақстанның маңызды одақтасы әрі серіктесі. Мұн­дай сенім мен достыққа негіз­делген қарым-қатынас елдерімізді жақындастыра түседі. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан мен Тәжікстан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«Тәжік тарапы екі елдің достық қатынастарын нығайту үшін осы уақыт аралығында қол жеткізген нәтижелерін жоғары бағалайды. Бұл ретте мемлекетаралық қатынастарды реттеудің сенімді шарттық-құқықтық базасы мен нақты механизмдері қалыптасты. Осы берік негізге және өзара сенім мен құрметтің, стратегиялық серіктестіктің мызғымас қағидаттарына негізделген ынтымақтастығымыз бүгінде барлық бағыт бойынша қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Біз халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сай келетін өзара тиімді ынтымақтастықты бірлесе отырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеруге ұмтылатынымызға сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта. Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа аса жауапты мемлекеттік қызметте зор табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Previous Post

САЙРАМ: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК БЕЛСЕНДІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН Өңір волейболшылары ел чемпионы атанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі