13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН Өңір волейболшылары ел чемпионы атанды

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН Өңір волейболшылары ел чемпионы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысты.Талдықорған қаласында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Талдықорған қаласында волейболдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Қаңтар айының 4-11 аралығында өткен волейбол бәсекесі өте тартысты өтті. Доп додасына елімізден 21 команда, 250-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Волейбол спорты соңғы кездері елімізде қарыштап дамып келеді. Осы орайда ел чемпионаты да аса тартысқа толы болды. Әрбір команда жеңіс үшін келгендерін көрсетіп, бар күш-жігерлерін ортаға салды. Тәжірибелі жаттықтырушы Иса Раймханов баптайтын Түркістан облысының командасы қарсыластарын қапы қалдырып, ел чемпионы атанды.

Ал Астана қаласының волейболшылары екінші орынды иеленсе, жүлделі үшінші орынды Қызылорда облысының құрамасы қанағат етті. Ойындардың әділ өтуіне төрешілердің де ықпалы өте зор. Бұл жарыста Түркістан облысының атынан ұлттық дәрежедегі төреші Серік Досболов төрелік етті. Жеңімпаздар ҚР волейбол федерациясының кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта өтсек, бүгінде Түлкібас ауданында спорт нысандарының саны артып келеді. Еске сала өтейік, 2021 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 5 спорттық нысан ашылып, ел игілігіне берілген еді. Оның ішінде үшеуі кәсіпкерлік нысан ретінде ашылса, екі нысан демеушілер есебінен ауыл тұрғындарына тарту етілген болатын. Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылынан «Байқадам» футбол манежі, «Нур-Фари» фитнес клубы мен күрес залы, Балықты ауылындағы «Форсе фит» фитнес клубы кәсіпкерлік нысан ретінде ашылып, тұрғындардың сүйікті орындарына айналып үлгерді. Сонымен бірге, жомарт жанды азаматтар тарапынан Қожамберді және Шақпақ-баба ауылдарында жасанды кіші футбол алаңы ашылып, ауыл тұрғындарына тарту етілген-ді. Одан бөлек, М.Жәрімбетов ауылында жеке кәсіпкер есебінен футбол манежі, жүзу бассейні және жаттығу залының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2022 жылыда жалғасын тапты. Саладағы игі істер нәтижесінде ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны қырық пайызға жуықтаған. 2023 жылы бұл көрсеткіш артады деген жоспарда бар.
.

Previous Post

Түркістандық өнерпаздар мерейтойға орай Душанбеде өнер көрсетті

Next Post

Түркістан: Өңірде мәдениет саласындағы жетістік қатары артады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі