13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК БЕЛСЕНДІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ

11 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК БЕЛСЕНДІЛЕРІНЕ АЛҒЫС ХАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл қорытындысына сәйкес Сайрам ауданы тұрғындарына коммуналдық қызмет көрсететін еңбек белсенділері марапатталды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев құттықтап, жыл ішінде жүргізілген сапалы жұмыстарына алғысын білдірді.

— Коммуналдық қызмет көрсету — қоғамдағы жауапты саланың бірі. Уақытпен санаспай, қиындықты мойымай, халыққа жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Маман ретінде адал қызмет атқарып келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда ерен. Жыл сайын халық саны артқан сайын, олардың ауыз су, жол, электр жарығы жүйелерімен тұрақты қамтуға сұранысы көбеюде. Сонымен қатар, аудан орталығының тазалығын сақтау маңызды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалаумен айналысатын мекемелердің де жүргізетін тынымсыз тірлігін айтуға болады. Аудан игілігі және жергілікті тұрғындардың жағдайын жасау жолында әрқайсысыларыңыз қажырлы еңбектеріңізді жалғастыратындарыңызға сенімім мол.
Марапаттау рәсіміне аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Баймурза Бейсембаев қатысты. «Шымкентдорстрой» ЖШС-і секілді жол, ауыз су нысан құрылысын жүргізетін бірнеше мердігер мекеменің басшылары мен жұмысшыларына, сондай-ақ аталған бөлімнің техникалық қызметкерлеріне де аудан әкімінің марапаттары табыс етілді.

Айта өтсек, бүгінде Сайрам аданы аумағындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде. Ауданның қыс мезгіліне дайындығы бойынша Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен «Оңтүстік жолдары» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-і және «Global Treid 2050» ЖШС-і тарапынан тексеруден өткен. Қыс мезгілінде аудан аумағында жолдарды қардан тазарту жұмыстарына жалпы 21 техниканы жұмылдыру жоспарланған. Оның ішінде 10-ы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, 5-уі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, 6-уы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалайтын болады. Қыс ауасында аудан тұрғындарының және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында биылғы жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 9 млн 520 мың теңге аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылған.Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазалау және тайғаққа қарсы инертті материалдар шашу жұмыстарын «Global Treid 2050» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Аталған серіктестіктерде күзгі-қысқы кезеңдегі тазарту жұмыстарына қажетті техникалары дайындалған.

Previous Post

ТӨЛЕБИ: 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Next Post

Түркістандық өнерпаздар мерейтойға орай Душанбеде өнер көрсетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі