13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық балуандар Әлем чемпионатында топ жарды

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық балуандар Әлем чемпионатында топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері атанып, туған елге жүлдемен оралды. Қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында түркістандық балуандар топ жарды. Астана қаласында қазақ күресінен ересектер мен жастар, жасөспірімдер арасында өткен кезекті әлемдік деңгейдегі дода өз мәресіне жетті. Дүниежүзінің әр түкпірінен келген ең талантты балуандар бақ сынасқан белдесуде Қазақстанның мерейін үстем еткен Түркістан облысының дарынды саңлақтары топ жарып отыр.

Боз кілемде барлық күш-жігерін көрсеткен жерлестеріміз Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері атанып, туған елге жүлдемен оралды. Әлем бойынша ең танымал спортшылар жиналған күрес додасында ересектер арасында өнер көрсеткен 90 келі салмақтағы түркістандық Айдарбек Тоқтарбек қола жүлдені иеленген. Ал жүлделі алтын медальді +82 келідегі Түркістандық спортшы Сардар Абдисамитұлы иеленіп, сайыста жеңімпаз атанды. Қазақ халқымыздың төл өнері қазақ күресімен жастайынан кәсіби тұрғыда айналысып келе жатқан Сардар Әлем чемпионатында барлық қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Сонымен қатар, талай күрес мамандарының назарын өз талантымен таң қалдырып 72 келіде сынға түскен жас балуан Балтабай Ералхан да қола жүлдеге ие болды.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасында 60 келіде белдескен болашағы жарқын Розман Тугушов пен дарындылығының арқасында мол тәжірибе жинауды мақсат еткен 82 келідегі Темірхан Дауірсейітханға қола жүлде бұйырды. Әрбір саңлақтың жеңіске жету жолында ең алдымен бапкерлердің ерен еңбегі орасан.

Түркістан облысында қазақ күресінің дамуына мол үлес қосып, талантты балуандарды тәрбиелеп келе жатқан білікті жаттықтырушылар қатарындағы – Қайрат Пазылбек, Ерлан Сыздықов, Айдос Сералиев, Мырза Хидировтар та бар. Олар өңіріміздегі күрес майталмандары болып саналады.

Previous Post

Түркістандық спортшы екі дүркін Азия чемпионы атанды

Next Post

Түркістандық өнерпаздар мен спортшылар республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі