13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық өнерпаздар мен спортшылар республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық өнерпаздар мен спортшылар республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының өнерпаздары мен спортшылары республикалық бағдарламада жүлделі орынды алды. Түркістан облысының өнерпаздары мен спортшылары «Жеті қазына» республикалық телевизиялық шоу бағдарламасына қатысып, жүлделі ІІ орынды алды. Аталмыш сайыс ҚР Үкіметінің қолдауымен, «Хабар» Агенттігі» АҚ ұйымдастыруымен тамыз айынан бастау алып, арнаның жаңа маусымында көрерменге жол тартқан болатын.

«Жеті қазына» мега-жобасында әр өңірден келген өнерпаздар мен спортшылар атадан балаға мұра болып келе жатқан ән, жыр-терме, күй, айтыс, күрес, қол күресі, арқан тартыс секілді жалпы сайыстың 10 түрінен бақ сынады. Бағдарлама мақсаты ұлттық өнерімізді, ойындарымызды, құндылықтарымызды дамытып, қазіргі заман талабына сай жаңашаландырып, әр өңірдің өзіне тән дәстүрін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Түркістан облысынан барған құрама алғашқы сәттен бастап, жүйріктер қатарынан табылды. Соның нәтижесінде ақтық мәреге дейін жетіп, ІІ орынды иемденді. Өнер додасына Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясынан Оразәлі Жаңабай (дәстүрлі ән), Жандос Құлымбетов (күй), «Яссы» би ансамблі, Руслан Ақынбеков (терме), Келес аудандық мәдениет үйінен Абылай Бөріханов (жыр), сонымен қатар Отырар ауданынан Ахметрасул Баянбай (ақын), Қазығұрт ауданынан Ерасыл Жақсыбек (ақын), Бәйдібек ауданынан «Гүлдәурен» әжелер ансамблі, Түлкібас ауданынан «Арша» тобы, тағы басқа өнерпаздар қатысты. Сондай-ақ бұл мега-жобада қазақ күресінен Бөлен Еркінбек бақ сынаса, арқан тартыс бәсекесінде Нышанбай Құдайбергенов, Дінмұхамед Шері, Қазыбек Оразымбетов, Елнұр Файзиев, Медет Құттымұратов, Ерназар Сіргебай сынды саңлақтар өнер көрсетті. Ал, қол күресінде Асылжан Сәрсенбай өңір намысын қорғады.

Previous Post

Түркістандық балуандар Әлем чемпионатында топ жарды

Next Post

Түркістан: Кіл мықтыларға құрмет көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі