13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық спортшы екі дүркін Азия чемпионы атанды

4 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістандық спортшы екі дүркін Азия чемпионы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан құрама командасы өздерінің мықтылықтарын тағы бір рет дәлелдеді. Ал Түркістандық спортшы каратэден Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында каратэден (WKF) ересектер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға мықты деп іріктелген каратэшілер қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Айтулы сайыста Қазақстан құрама командасы өздерінің спорттағы шеберлігін тағы бір рет дәлелдеді.

Отандастарымыздың сапында Түркістан облысының екі спортшысы Әсел Қанай мен Мәди Катешов ел намысы үшін сынға түскен еді. Кумите әдісі бойынша 61 келіде татами көркін қыздырған талантты жерлесіміз Әсел Қанайға тең келер қарсылас болмады. Ол жекелей сында және командалық жарыста барлық қарсыласын тізе бүктіріп, қос алтынды ел қоржынына салды. Ал Мәди Катешов қола медаль үшін күресте қарсыласына есе жіберіп, жүлдеден құр қалды.

Осы орайда, Түркістан облысында каратэ спортының дамуына білікті жаттықтырушы Боран Төлеевтің еңбегін ерекше атап өтуге болады. Әрбір өреннің жеңіске жету жолында ең алдымен білікті бапкердің еңбегі бар екенін елеген абзал. Қос алтынды иеленген түркістандық талантты ару Әсел Қанай – білікті басшы Нұрлан Айтбеков жетекшілік ететін Түркістан облысының олимпиада резервін даярлау орталығының шәкірті болып саналады. Алдағы уақытта жерлесіміз өзгеде маңызды сайыста топ жаруды көздеуде.

Айта кетсек, 2023 жылы Қытай елінде өтетін жазғы Азия Ойындары мен 2024 жылы Францияда өтетін жазғы Олимпиада Ойындарына облыс спортшылары спорттың бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі, есу спорт түрлері, ауыр атлетика, таеквандо спортынан жолдама алады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда 13 үміткер-спортшы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Previous Post

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

Next Post

Түркістандық балуандар Әлем чемпионатында топ жарды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі