13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛСАМ, НАЙЗАҒАЙ БОЛЫП» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛСАМ, НАЙЗАҒАЙ БОЛЫП» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні №14 ЖОББМ базасында бүгінде дәстүрлі түрде, үшінші рет шығармашыл, ақын мұғалімдер арасында «Жарқ ете қалсам, найзағай болып…» атты ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдебиетке, поэзияға сүйіспеншілігін ояту, шығармашылыққа бейім мұғалімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылған мүшәйраға 25 үміткер қатысты.

Мүшәйраның бірінші кезеңіде тақырыпқа сай дайындалған өлеңдер оқылды. Ал, екінші кезеңде мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тақырыптар бойынша өлшеулі уақытта өлең шығару тапсырмасы берілді. Мүшәйраға қатысушылардың жұмысын ереже негізінде белгіленген критерийлермен кәсіби тұрғыда қаламызға белгілі ақиық ақындар әділ бағалады.

Поэзия — ең көркем прозаның сапалық ерекшелігін анықтайтын басты белгілердің бірі екені талас туғызбайды. Осы орайда қатысушылардың дода барысында жүрегінен шыққан сөздерінен өрбіген өлең шумақтары туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана — сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызуға ықпал етуді көздегендеріне куә болдық.

Жас ақындар мүшәйрасының қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №72 ЖОББМ мұғалімі Е.Ділдәбек,Іорынды №80 ІТ лицей мұғалімі Қ.Боранбай, ІІ орынды №21 ЖОББМ мұғалімі А.Көпбосын мен №90 ДБАММГ мұғалімі С.Айдарбекова. ІІІ орынды №137 ЖОББМ мұғалімі Ж.Колхозов, №1м/г мұғалімі А.Абдулхаева мен №135 ЖОББМ мұғалімі Б.Әнуарбекұлы қанжығаларына байлады.

Қалалық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегерлеріне Әдістемелік орталық тарапынан жүлделі дипломдар мен номинациялар және белсенді қатысқаны үшін орталық директоры, ф.ғ.к. М.Медетбекованың «Алғыс хаттары» табысталды.

 

Previous Post

Түркістан епархиясының 150 жылдығына арналған марка шығарылды

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ЖӘДЕГЕРЛЕР САНЫ АРТУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі