13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан епархиясының 150 жылдығына арналған марка шығарылды

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан епархиясының 150 жылдығына арналған марка шығарылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан аумағында Түркістан епархиясының 150 жылдығына орай шығарылған «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясынан 4 (төрт) пошта маркасы айналымға енгізілді.

Пошта маркаларында Успенск кафедралды соборы, Христостың туу құрметіне арналған собор, Әулие Александр Невскийдің құрметіне арналған храм, Вознесенск кафедралды соборы бейнеленген.

Пошта маркаларына арнайы белгі соғу рәсімі Қазақстан Православие шіркеуінің мәдени-рухани орталығында, оның басшысы – Астана және Қазақстан митрополиті Александр, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен болатын.

«Бұл маркалар бұған дейін шығарылған маркалардың топтамасына керемет қосымша болмақ. 2003 жылы Алматы қаласының орталық мешіті мен Вознесенск кафедралды соборы ғимараты бейнеленген «Ислам діні және әлемнің басқа діндері» сериясы шығарылған еді.Сондай-ақ 2006 жылы Алматы қаласындағы Пресвятая Троицаның Рим-Католиктік приходына және «Хабад Любавич» Синагогасына арналған маркалар топтамасы шығарылды. «Қазпошта» АҚ-да түрлі конфессияны танытатын 18 000 мыңға жуық адам еңбек етеді. Біздің қызметкерлеріміз Қазпоштаның негізгі құндылығы, сол себепті әрқайсысының діни сенім бостандығы құқығын құрметтейміз. Алдағы уақытта да компания дін және конфессияаралық диалог тақырыбына арналған маркаларды шығаруға дайын», деді құттықтау сөзінде «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.

Рәсімге қатысушылар әлемнің 49 елінен делегаттар келеді деп жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі қарсаңында маркаларды шығару және арнайы белгі соғу рәсімін өткізудің символдық мәнін атап өтті.

Previous Post

Түркістанда Мағжан Жұмабаев туралы спектакль қойылады

Next Post

«ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛСАМ, НАЙЗАҒАЙ БОЛЫП» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі