13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Мағжан Жұмабаев туралы спектакль қойылады

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Мағжан Жұмабаев туралы спектакль қойылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан музыкалық драма театрында «Мағжан» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартпақ. Туынды 12-13 қарашада жас драматург Алмас Нүсіптің пьесасына қойылады. Қойылымда алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан бөлек, ашаршылық кезіндегі депрессиясы мен ішкі өзгерісі бейнеленеді. Алаш ардақтысының рөлін сомдауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Еркебұлан Дайыров таңдалған.

Мағжан Жұмабаев – алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын, ғалым, аудармашы. Ол ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанған тұлға. Мағжан өлеңдерін әлеуметтік мәселелерді көтеруге, халқын өнер-білімге шақыруға, махаббат тақырыбына арнады Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін Мағжан Жұмабаев ұлт азаттық тақырыбын үзбей толғады, оны өз поэзиясының өзегі етті. Түркі халықтарының бірлігі – Мағжан поэзиясының әуелден қалыптасқан алтын арқауы болды.

Ағартушылық саласындағы өмірі, махаббаты, ұлтқа адал қызметі, қазақ даласын жайлаған аштық (1921-1922 жылдар) «Мағжан» спектаклінің тақырыбы. Көрермен спектакльден жас Мағжанның, өмірге ғашық Мағжанның, елінің ауыр халі үшін шексіз азап шеккен, басын қатерге тіккен Мағжанның және бірнеше мәрте геноцидке ұшыраған қазақ халқының ауыр тағдырын көрді.

«Мағжан» спектаклі идеясының авторы және көркемдік жетекшісі — Айнұр Көпбасарова, қоюшы режиссері-Davide Livermore (Италия) режиссер — Chiara Ocella, сценограф — Eleonora Peronetti, координатор-Deidda Petra композиторы-Хамит Шанғалиев, балетмейстері – Мадина Муратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова.

Қойылымда Алаштың арысы, ақиқаттың алдаспанына айналған қазақ халқының мақтанышы, ел болашағының тұтқасы жалынды жастарға зор сенім артқан дарынды ақын Мағжан Жұмабаевтың жастық шағынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейінгі өмір жолы, абақтыдағы азапты ғұмыры мен жұбайы Зылихаға деген адал махаббаты суреттеледі.

Ақынның өмірі, елдің тағдыры, ұлт зиялыларының бастан кешкендері мен бір-біріне деген қолдауы, ер мен әйел арасындағы адал махаббат баян етілген қойылым «Әлдиле, өлім, әлдиле» деген жарының өлеңін соңғы рет қайталай отырып, шындық пен сағынышты көкірегінде қаттаған Зылиха ананың өлім құшағына енуімен аяқталады.

ЕРКЕБҰЛАН ДАЙЫРОВ – АКТЕР — Қазір дамыған заманда кез келген жерден, интернеттен мағжан туралы көптеген мәлімет алуға болады. Дегенмен қазір бізде елдос тоқтарбай деген алаштанушы бауырымыз бар. менің осы рольді сомдауыма сол жігіттің шығармалары мен туындылары көп көмектесіп жатыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 46 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

Түркістан епархиясының 150 жылдығына арналған марка шығарылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі