13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 46 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БИЫЛ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА 46 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында 2022 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,2 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, биыл негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 22,3 млрд.теңгеге жетіп, жоспар 27,4 пайызға артығымен орындалған.

— Кентау қаласындағы индустриалдық аймақ 25 га жерді құрайды. Ол аймақта құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын, 219 жұмыс орнын қамтитын, 8 жоба орналасқан. Кентау қаласы бойынша 2020-2025 жылдары өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылатын жалпы құны 6,33 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылады. Онда 317 жұмыс орны ашылу жоспарланған, — деді Жандос Қалмырзаұлы.

Биылғы 9 айда қалада 21,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдар 100% ауызсумен қамтылған, толық орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Биыл жыл соңына дейін 18 мың абонентті табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, қазіргі таңда, Сауран ауданы аумағынан жалпы көлемі 75,5 мың га. жайылымдық жерді Кентау қаласына қосу жолымен шекараны 128,3 мың га. өзгерту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Кентау қаласының көшелерін жарықтандыру және қайта жаңғырту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Сметалық құжаттамаға сәйкес, 85 көшеге 1 070 дана жарықшам орнатылды. Қосымша биыл жыл соңына дейін 200 дана жарық бағанасын орнату жоспарланған. Нәтижесінде Кентау қаласының көшелерінің 90%-ы жарықтандырылады.

Сондай-ақ шаһарда жалпы ішкі жолдар 268 көшені, яғни 173,5 шақырымды құрайды, оның ішінде, асфальтты 175 көше (77,3%), қиыршық тасты 88 көше (19%) және топырақты 5 көше (3,7%) бар. Биыл Кентау қаласында 46 көше жөндеуден өткізілді. Бұл — облыста ең үздік көрсеткіштің бірі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылының 10 көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік жекешелік әріптестік (ГЧП) аясында 2020-2025 жылдары 128 көшені жөндеуден өткізу және күтіп ұстау жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік, Кентауда 103 мыңнан аса халық тұрады. Қалаға қарасты 4 ауыл бар.

 

Previous Post

Отырарда күзгі әскерге шақыру жалғасуда

Next Post

Түркістанда Мағжан Жұмабаев туралы спектакль қойылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі