13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ЖӘДЕГЕРЛЕР САНЫ АРТУДА

23 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙ ҚОРЫНДА ЖӘДЕГЕРЛЕР САНЫ АРТУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен күннен сыр шертіп, тарихтан тағылым беретін орынның бірі – музей. Қасиетті өлкенің тылсым сырларына бойлап, жан-жақты танысу үшін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы ат басын бұрдық. Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесі рухани құндылықтарға өте бай болып табылады. Бүгінде сол тарихи жәдігерлерді сақтап халыққа насихаттау жолға қойылған.

1920 жылы ашылған облыстық тарихи- өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасындағы ең көне мұражайлардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда оның қорында 80 мыңнан аса құнды экспонат бар. Барлығы 4 үлкен көрме залына жайғастырылған. Палеонтологиялық археология, этнография, Қазақ хандығының және Тәуелсіз Қазақстан тарихына бағытталған әрбір зал өзіндік тақырыпқа ие. Сондай-ақ мұражайда экскурсиялық және көрмелік қызмет көрсету департаменттері және археология мен тарих қорлары бар 5 мамандандырылған бөлім жұмыс жасайды. Тарихи-өлкетану мұражайының негізінде қызықты экскурсиялық дәрістер өткізіледі, оның барысында барлық экспозициялық залдардың көрнекті үлгілері жайында толық ақпарат беріледі. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының коллекциясы тұрақты түрде артып, жаңартылатындықтан келушілер саны да өсіп келеді. Мұражайдың жұмысымен танысуға келген түсірілім тобына музейдің экскурсия жүргізушісі Гүлбану Шора мұражайдың залындағы экспонаттармен таныстырып өтті. Мұндағы әрбір жәдігердің өзіндік сыр шертетін тарихы да бар.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қабырғасында қызықты экскурсиялық дәрістер өткізіледі, олардың барысында барлық экспозициялық залдардың көрнекті даналары туралы толық ақпарат беріледі. Мұражайдың бес ғылыми – зерттеушілік бөлімдері бар: археология бөлімі, тарих және этнография бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсия мен ақпараттық қамту бөлімі, экспозициялық бөлім мен табиғат секторы. Бұл бөлімдерде ғылыми – зерттеушілік, жинастырушылық және ағартушылық жұмыстар атқарылады. Археология залы палеолит пен неолит дәуірлерінің түпнұсқалы артефактілерімен бірге неолиттік Қараүңгір үңгірлік қонысының диорамасымен басталады. Археология мен этнография бөлімдерінің экспозициясында шынайы еңбек құралдары, тұрмыс заттары, қару – жарақтар, сәндік – қолданбалы өнер мен облыс территорияларын ежелгі кезеңдерден бастап ХІХ ғасырдың басына дейін мекен еткен тайпалар мен халықтардың өмірі, тұрмысы мен күресі туралы көрініс беретін әртүрлі тарихи дәуірлердің заттары ұсынылған.

Түркістан облысында дамудың даңғыл жолына түскен , рухани мұраларымызды дәріптейтін нысандар көп. Ал облыстық тарихи-өлкетану музейі ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, халқымыздың тарихын жандандырып отырған бірден -бір мекеме болып қала бермек.

 

Previous Post

«ЖАРҚ ЕТЕ ҚАЛСАМ, НАЙЗАҒАЙ БОЛЫП» АТТЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША 70 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі