13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балаларға базарлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балаларға базарлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы білім басқармасының «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес, №24 «Алма» бөбекжай-бақшасының базасында «Балаларға базарлық» тақырыбында 2022 жылғы 25 қараша күні №39 бұйрығының негізінде, мектепке дейінгі ұйымның педагогтеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 52 мектепке дейінгі ұйымның 55 педагогтері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дөңгелек үстел барысында:

* халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру;

* балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету;

* балалалардың кітапқа деген қызығушылықтарын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін  арттыруды қамтамасыз ету айтылды.

Дөңгелек үстелде «Мектепке дейінгі дамыту орталығы» КММ- ның директордың м.у.а.

С. Утемисова ашып, ұстаз, қаламгер, балалар жазушысы Дәркен Танабаев пен Фатима Жунусова қаламгерлеріміздің шағармаларын оқуға, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру бағыттарын түсіндірді. Бөлім әдіскері А.Е.Турсунова балалалардың кітапқа деген қызығушылықтарын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты. Қазақстан Республикасы жазушылар одағының Шымкент қаласы филиалының директоры Дәркен Танабаев өз шығармаларының туындау тарихымен таныстырып, қазіргі балалар тәрбиесіндегі өзекті мәселенің бірі кітапқа деген қызығушылықты арттыру жолдары туралы сөз қозғады. Журналист, ақын, жазушы, республикалық «Қарашаңырақ» ҚБ қызметінің Шымкент қалалық филиал басшысы Фатима Забурақызы Жүнісова, балалар шығармасын жазу барысындағы өзіндік ерекшеліктерін айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтар кезеңінде өз көзқарастары мен пікірлерін айтып, белсенділік танытты. Дөңгелек үстел барысында модераторлардың да, көпшіліктің де сұрақ қоюға және жауап алуға мүмкіндіқтері болды. Кездесудің тиімділігі айтылып, кері байланыс орнатылды.

Previous Post

Шымкенттік гимнастшылар әлем чемпионатында 3-ші орын алды

Next Post

Шымкенттік теннисшілер ел чемпионатынан олжалы оралды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі