13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік гимнастшылар әлем чемпионатында 3-ші орын алды

28 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік гимнастшылар әлем чемпионатында 3-ші орын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Австрияның Грацта қаласында 26-27 қараша күндері эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтті. Оған Қазақстан құрамасы сапында шымкенттік «Кармелиты» командасы қатысты.

Команданың құрамында Элина Кан, Саида Патшахан, Аида Жақсыбек, Сәния Тұрдыбай, Сабина Елубаева сынды спортшылар болды. Олар- Әлия Юсупова басқаратын Шымкент қалалық №9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірттері. Любовь Боброва, Виолетта Керхер сынды білікті мамандар даярлаған гимнастшылар бәсекелі жарыста 3-ші орынды иеленді.

«Мен Әлем чемпионатында эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының өнер көрсеткеніне қуаныштымын. Спортшыларымыз Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып, жүктелген барлық міндеттерді орындады. Әр команданың өзіндік сипаты, стилі және сөйлеу мәнері бар, бұл гимнастшыларға бейнелер жасауға және ойластырылған идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаттықтырушылар мен хореографтардың ынта-жігерге, адалдыққа, балаларға және спортқа деген сүйіспеншілікке негізделген кәсіби жұмысын атап өткен жөн. Спортшылардың ата — аналарына балаларға деген сенімі мен қолдауы үшін үлкен алғыс айтамын», — деді эстетикалық гимнастикадан ҚР бас жаттықтырушысы  Венера Жайлауова.

ҚР эстетикалық гимнастика федерациясы 2017 жылдан бастап елімізде жеке  спорт түрі ретінде дамыды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті құрамына еніп, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде ресми  тіркелген. Қазақстан Халықаралық эстетикалық гимнастика федерациясының (IFAGG) құрамына кіреді. Федерация спортшылары 2018 жылдан бастап халықаралық барлық ресми жарыстарға қатысып, табысты өнер көрсетуде.

Айта кетейік, эстетикалық гинастикадан ел құрамасы биыл Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында өткен Азия чемпионатында 11 медаль еншілеген болатын.

Tags: 13kz13kz.kz13кзгимнастшыларШымкент
Previous Post

Әйелдер құқығын қорғау- қоғам назарында

Next Post

Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балаларға базарлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі