13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік теннисшілер ел чемпионатынан олжалы оралды

28 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік теннисшілер ел чемпионатынан олжалы оралды
Share on FacebookShare on Twitter

Өскемен қаласында үстел теннисінен 21 жасқа дейінгі жастар арасында жалғасқан ҚР Чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 240-қа тарта спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Ел біріншілігінде Шымкент қаласының спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласының спортшылары 1-ші орынды иеленді.

Атап айтқанда, бойжеткендер командалық есепте, жұптық, жекелей және аралас жұптық разрядта чемпион атанды. Спортшылардың жаттықтырушылары – Нұрлан, Ердаулет Оразбаевтар, Мирякуб, Рустам Мираслановтар.

Қазақстанда алғаш рет 1952 жылы Өскемен қаласында пайда болып, әуесқойлар арасында алғашқы турнирлер өткізілген. Бұл спорт түрі 1955 жылы әуесқой спортшы, мықты ұйымдастырушылардың бірі Анатолий Харитонович Алматыға келген кезде қарқынды түрде дами бастады. Ал 1993 жылдан бері үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты үздіксіз өткізіліп келеді. 2017 жылы ТМД елдерінен алғаш болып елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің ең үздік 16 спортшысы арасында өткен үстел теннисінен «2017 ITTF World Tour Grand Finals» финалдық турнирін қабылдады. Бұл турнир халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Үстел теннисінің белсенді дамуы Қасым-Жомарт Тоқаев Федерация президенті болып сайланғаннан кейін байқалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық үстел теннисі федерациясын 13 жылдан аса басқарған уақытта елімізде бұл спорт айтарлықтай деңгейге көтерілді. Бүгінгі күні федерацияны Әбілғазин Данияр Рүстемұлы басқарып келеді. Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті еліміздің барлық өңірлерінде үстел теннисін кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөліп жүр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстанда үстел теннисімен 160 мың адам айналысады. Оның ішінде жеті мыңға жуығы тұрақты түрде шұғылданады.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқушы кезінде үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер атанған. Кейін екі жылдай республикалық федерацияны басқарып, спортшыларымыздың әлемдік рейтингте үздіктердің қатарынан көрінуіне үлес қосты

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентүстел теннисі
Previous Post

Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балаларға базарлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Next Post

Түркістан: "Turan zhastary" форумында облыс жастары қарар қабылдады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі