13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттік ару бокстан әлем чемпионы атанды

25 ноября, 2022
in Спорт
0
Шымкенттік ару бокстан әлем чемпионы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында шымкенттік былғары қолғап шебері Элина Базарова 54 кг. салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Ғаламат өнер көсеткен жерлесіміз бірінші кездесуінде Венгрия елінің боксшысын жеңді. Бұдан соң, Жапония, Индия,Голландия финалда Германия құрамасының былғары қолғап шеберін қапы қалдырды. Нағыз талантты спортшы Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша 2 курста оқиды. Осы ғаламат жеңісімен,оны лайықты тұрғыда дайындаған Әлібек Нұртаев басқаратын қалалық олимпиадаға дайындау орталығының ұжымына, Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің ректоры м.ғ.д профессор Түркістан облысы мәслихатының депутаты Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызына, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев мырзаға алғыс білдіреміз.

Айта кетейік, бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалда шаршы алаңға көтерілген Қазақстан құрамасының 7 боксшысы төртеуі финалға жолдама алса, үшеуі әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

66 келідегі Бақыт Сейдіш француз Майлис Ричлді үш рет нокдаунға жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаса, 54 келідегі Элина Базарова нидерландық боксшы Мария Верхеймді ұтып, финалға шықты. Финалда жеңіске жетіп, әлем чепионы атанды.

Жартылай финалда өнер көрсеткен екі жігітіміздің екеуі де қарсыластарынан басым түсті. Алдымен 67 келідегі Нұрбек Мұрсал ирландиялық Джеймс Френсисті 3:2 есебімен ұтса, 75 келідегі Дәулет Төлемісов Бельгия өкілі Хаджит Ноаны 5:0 есебімен таза жеңді.

Өкінішке қарай, Әсел Тоқтасын (+81 келі). Әсем Таңатар (63 келі) және Гүлназ Бөрібаева (48 келі) Үндістан боксшыларына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Байрақты бәсеке 26 қараша күні өз мәресіне жетеді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбоксШымкент
Previous Post

Кітапхана – білім мен мәдениеттің ордасы

Next Post

Шымкент: В центре социальной адаптации помогли более 300 горожанам

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі