13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Кітапхана – білім мен мәдениеттің ордасы

25 ноября, 2022
in Білім
0
Кітапхана – білім мен мәдениеттің ордасы
Share on FacebookShare on Twitter

Кітапхана – оқу-білімге бастайтын, ішкі мәдениетті қалыптастыратын орта. Өмірде кітап оқып, ілім жинаған адамдар жетістікке оңай жетеді. Қазіргі уақыт жастарға бой жарыстырар емес, ой жарыстырар заман болып тұр. Осы орайда мектеп кітапханалары ұстаздар мен оқушыларды әдебиетке, шығармашылыққа баулу мақсатында игі істерді қолға алып келеді.

Мысалы, Шымкент қалалық №130 мектептегі 2 400 оқушы оқулықпен толық қамтылып отыр. Сондай-ақ, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхананың материалды-техникалық базасы толық жасақталған. Кітапханаға келушілерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тегін Wi-fi қызметі ұсынылған.
Ал электронды оқулықтар үшін 20 ноутбук және BILIMBOOK оқыту құрылғысы жұмыс істеп тұр. 2021-2022 оқу жылы Шымкент қалалық білім басқармасына берілген сұранысқа сай 180 дана, биыл 387 дана көркем әдебиет келді. Онда «Атамұра», «Фолиант», «Мазмұндама» және «Steppe-World» баспаларында басылған, еліміздің ақын-жазушыларымыздың еңбектерімен қатар, ағылшын, француз, испан жазушыларының әлемге әйгілі классикалық шығармалары жеткізілді. Кітапханаға жаңа түскен көркем әдебиетті оқырмандардың жас ерекшелігіне қарай жүйелеп, оларды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Танысыңыз, жаңа кітаптар!» көрмесі ұйымдастырылып отырады.
-Кітапханамызда ерекше жайлы атмосфера бар, тыныштықта кітап оқуға жағдай жасалған. Мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығы артып келеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада ұйымдастырылған іс-шаралар өз нәтижесін беруде. Ендеше, «Бәрін, бәрін білесің, Оқи берсең кітапты», – деп ақындар жырлағандай, кітап оқудан жалықпайық,  – дейді Шымкент қалалық №130 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының меңгерушісі Д.Алдиярова.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілімкітапханаШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Шымкенттік ару бокстан әлем чемпионы атанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі