13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы  әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар және «Теңізшевройл» ЖШС-нің қысқартылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 30 мекеме қатысып, жалпы 162 мекемеден 1400-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Мәселен, «Оңтүстік» экономикалық аймағында орналасқан «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасының өкілдері 11 мамандық түрі бойынша азаматтарға тұрақты жұмыс түрін ұсынды.

— Біз «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасы 18-35 жас аралығындағы азаматтарды тоқымашы оператор, дизайнер, программист, станок жөнінен механик мамандарын жұмысқа шақырамыз. Мекеме тарапынан тасмалдау қызметі және түскі ас қарастырылған. Айлық жалақысы 100-220 мың аралығында», — дейді кадр бөлімінің  жетекшісі Фатима Мизанбайқызы.

Жұмыс беруші мекемелер және жұмыс іздеушілер арасында байланыс орнатуды көздейтін іс-шара барысында мемлекеттік қолдау шаралары да түсіндірілді. Атап айтсақ, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін грант бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.

2022 жылдың 2 тоқсандағы жағдайымен Шымкент қаласы бойынша жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі  5% құрайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде  2022 жылға 33 500  адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты   33 796 адам қатысты немесе жоспар 100,9% орындалды. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады, нақты 13 524 адамға кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Олар:

— 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, нақты 12 329 адам оқуға тіркелген;

— 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру жоспарланған, нақты 1 195 адамға берілген.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз«Халықты жұмыспен қамту»Шымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Next Post

ЖАҢА ЖОБА БОЙЫНША ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі