13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖАҢА ЖОБА БОЙЫНША ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ

25 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ЖАҢА ЖОБА БОЙЫНША ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттік «Azala Cotton» фабрикасы өндіріс көлемін ұлғайтуда жаңа жобаны іске қосады. Осыған сәйкес онда 200 жаңа жұмыс орны ашылады. «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан мақта иірімін шығаратын елдегі бірегей фабрика қазіргі таңда аралас иірім жіп шығаратын жобаның II кезеңін іске асыруда. Бұл жаңа өндірістік желіні іске қосу, өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның II кезеңінің жалпы инвестиция құны 1 960 млн теңге, өндірістік қуаттылығы жылына – 2,5 мың тонна. Бұл жұмыстар 2019 жылдың соңында басталып, 2020 жылы компания «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 578 млн теңге көлемінде қаржы алды.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, өндірістік ғимарат салынып, ішкі бөлігін безендіру және жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жоба жыл соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Айта кетейік, зауыттағы инвестицияның жалпы көлемі 7,07 млрд.теңге. Бүгінде кәсіпорында 300-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна мақта-мата иірім жібін шығарады. Компания өнімінің 90 пайызы Ресей және Қытайға экспортталады.

Жалпы, жыл басынан бері 7 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 991-і жастар практикасымен, ал 160-ы алғашқы жұмыс орны жобасына қатысып, 100-ден аса азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Ал, 226 шымкенттік жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға бағытталған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды.

Қорыта айтқанда әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама қабылданып жатыр. Қазіргі кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан, сонымен бірге жұмыспен қамтылған халықтың үлесі.

 

Previous Post

Шымкентте «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі