13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік балақайлар «Шыңғыс ханның көз жасы» туындысын тамашалады

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік балақайлар «Шыңғыс ханның көз жасы» туындысын тамашалады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының репертуары Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» тарихи драмасымен толықты. Тарихтың тереңінен сыр шерткен қойылымды режиссер А.Қалыбеков сахналады.

«Шыңғыс ханның көз жасы» – психологиялық иірімге құрылған, философиялық тұжырымы терең туынды.
Қойылым Шыңғыс ханның біраз жасқа келіп, көңілі қарайып, шау тартқан шағын суреттеуден басталды. Ішкі монологқа құрылған қойылымның оқиға желісі елес-естеліктер арқылы дамып отырады. Уақыттың өз еншісіндегі алмай қоймайтыны Шыңғыс ханның бейнесі арқылы ерекше суреттелген. Жас кезіндегі тасыған қайраты мен адуынды ашуы бүгінде сабырлы, байсалды күйге ұласқан.
Заманында табалдырықта тұрып тепсінген жауының басын допша домалатқан Темучин. Әлемнің әр түкпірінде ат тұяғын ойнатқан ұлы қаған…
Қаһарланғандағы алмас қылыштай қайраты аңызға айналған шақ. Ойланып отырып, қаншама жылдың сусып өте шыққанына қынжылды. Дәуренінде астамсыған небір жауының мысын басып, қияметтің қыл көпірінен өткізсе де, уақытты уысында ұстай алмайтынын мойындады. Айналасына алтын шуақ үйіріліп жүретін мейірімнің де одан кем түспесін кеш аңдады. Тағдырына таупық айтып, тәубеге келгені содан болар.
Шыңғыс ханды актер С.Биғабылов, ханның жас кезін – Ш.Бейсенов, Бөртені – Ф.Әбіл, Қайырханды Ш.Зеберхан шебер сомдап, ал қоюшы суретші Е.Айдаров декорацияның әр элементіне мазмұн беріп, театрсүйер қауымды Шыңғыс хан заманына жетелей түсті. Айтар ойын терең тұжырыммен суреттеген қойылымды көрермен жылы қабылдап, ерекше әсер алды. Тарихтан сыр шертетін туынды кішкентай көрермендердің бойында батылдық, елге,жерге деген сүйіспеншілікті нығайтып, тәлім-тәрбие беруге септігін тиігізері анық. Театр ұжымы барша көрерменді театрдың жаңа қойылымдарын тамашалауға шақырады.

Tags: 13kz13kz.kz13кзтеатрШымкент
Previous Post

Түркістан: Арыс қаласында тазалық жұмыстары жалғасуда

Next Post

Түркістан: Төлебидегі семинар- тренингте жастар озық идеяларын ұсынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі