13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Арыс қаласында тазалық жұмыстары жалғасуда

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Арыс қаласында тазалық жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық тазалық акциясының екінші апталығы өтті.
Табиғатты аялауды мақсат тұтқан бастамаға әкім орынбасарлары бастаған мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер және қала еріктілері қосылды.
Тазалық шарасы барысында Арыс-Шымкент тас жолы бойындағы ағаш діңдері әктеліп, жол жиегін қаулаған шөптер шабылып, қоқыстан тазаланды.

Игі шара қалаішілік көшелерде, ауылдық округтерде, мекеме-ұйымдарда жалғасын тауып, табиғатқа жанашыр қала тұрғындарының көмегімен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, аталған тазалық акциясы қазан айының соңына дейін жалғасатын болады.
Бүгінде Түркістан облысының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында игілікті істер жүзеге асуда. Мәселен Түркістан қаласында саябақтар мен аллеялардың көлемі артып, 495 гектарға жетті, арық-атыздар қалпына келтіріліп, газондар көптеп егілуде. Оған қоса қала аумағында көгалдандырудың жаңа технологияларын қолдану нәтижесінде, көшеттердің өнімділігі артып, газондардың жақсы өніп дамуына қол жеткізілді. Қаладағы жеке сектордағы және көпқабатты тұрғын үйлердің 90%-дан астамы табиғи газға қосылған.

Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда «Казгидромет»-тің мәліметіне сәйкес, Түркістан қаласында атмосфералық ауаның ластануы 65%-ға төмендеген. Мемлекет басшысының 2 млрд. әр түрлі ағаш көшеттерін отырғызу тапсырмасын орындау барысында Түркістан облысы бойынша 5 жылда 132 мың гектар жерге 210 млн.-нан аса ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Бұдан бөлек, облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында 30 млн данадан астам әр түрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр. Алдағы уақытта ол көшеттердің санын 60 млн.-ға жеткізу жоспарлануда.

Айта кетсек, «Қоқыссыз таза табиғат» акциясы Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда өтті. Тазалық шарасына өңір тұрғындары белсене қатысты.

Previous Post

Түркістан облысының Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Next Post

Шымкенттік балақайлар «Шыңғыс ханның көз жасы» туындысын тамашалады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі