13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысының Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күніне орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствалық наградаларын табыстау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары ақ желеңді абзал жандарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін тапсырды.
Жалпы, 2021 жылы Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Биыл тағы да 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде.

2021 жылы 2809 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 109 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімдерін жетілдірді. Осы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. 2022 жылдың 9 айында 1223 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, сондай-ақ Түркия еліне оқуға жіберу жоспарлануда. 2023 жылы 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) көпбейінді аудандық аурухана етіп қайта құру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, облыста 3 мыңға жуық медицина қызметкері шетелдің үздік клиникаларында оқып, біліктілігін арттырды, оның ішінде 101 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімін жетілдірді. Биылдың өзінде мамандардың жоғары кәсіби деңгейлерінің арқасында Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 6112 және облыстық балалар ауруханасында 5000 ота жасалған.

Previous Post

Түркістан: Республика күніне орай 300 түп шырша ағашы отырғызылды

Next Post

Түркістан: Арыс қаласында тазалық жұмыстары жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі