13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Республика күніне орай 300 түп шырша ағашы отырғызылды

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Республика күніне орай 300 түп шырша ағашы отырғызылды
Share on FacebookShare on Twitter

Республика күні қарсаңында Түлкібас ауданында тұрғындар мен зиялылар және ерікті жастар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Ұлы дала қырандары» аллеясында бас қосып, 300 дана қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызды. Кейінгі жастарға үлгі боларлықтай іске ұйытқы болған жандарға аудан ақсақалдары ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан аудан орталығына кірер тұсында аудан әкімдігінің қолдауымен аудан тұрғындарының демеушілігімен «Ұлы дала қырандары» аллеясы соғылуда. Жалпы 2 гектар аумақты алатын демалыс орнына жолаушылардың демалып, сергіп алуы үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Сонымен қатар алдағы уақытта Қазақ елінің біртуар азаматтары Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза және Балуан Шолақтың ескерткіштері бой көтермек. Айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының тумалары ауыл көркін ажарландыра түсетін нысанды көтеруге өзара 150 млн. теңге қаржы жинап, құрылыс жұмыстарын іске асыруда. Нысан биыл қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Айта кетсек, 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді.

Бұл мереке әдетте елдің мемлекеттігі жарияланған күні немесе республиканың ажырамас атрибуты – ел Конституциясы қабылданған күні тойланатын басты мереке саналады. Естеріңізде болса, бұл мейрам біздің елде 2009 жылға дейін 25 қазанда тойланып келген болатын.

Previous Post

Түркістандық Ассамблея жастары Ұлытауда өткен «Достық кубогында» топ жарды

Next Post

Түркістан облысының Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі