13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Төлебидегі семинар- тренингте жастар озық идеяларын ұсынды

19 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Төлебидегі семинар- тренингте жастар озық идеяларын ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

25 қазан — Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн мен той» іс-шарасына сәйкес, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Төлеби ауданында жастар арасында семинар-тренинг өтті.

Шараның мақсаты – жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы хабардар етуге бағытталған облыстық «Samgau-Up-Shift» жобасы аясында жастарды қолдау.

Екі күнге созылған семинар-тренингтің алғашқы күнінде жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша сөз қозғалды. Басқосуда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова, «Жастар саясатындағы өзгерістерді талқылау» – «Jastar qyzmetkerleri» қоғамдастығының сарапшысы Сымбат Абдрахманова, «Әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын дамыту» — «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы, Инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы, ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Динара Наумова сынды мамандар лекция оқыды.

Шараның екінші күні квест ойындары ұйымдастырылып, жастар сарапшылармен бірге жоба әзірлеп, қорғады. Ең таңдаулы жобалар марапатталып, үздік танылған жобаларға қаржылай сыйлықтар берілді.
Айта кетсек, киелі шаһардада ұлттық мерекені кеңінен тойлау үшін арнайы іс-шара жоспары бекітілген. Еске салсақ, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.

Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді.

Previous Post

Шымкенттік балақайлар «Шыңғыс ханның көз жасы» туындысын тамашалады

Next Post

Түркістан: Ордабасыда "Менің республикам - менің Қазақстаным"" атты мерекелік шара өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі