Бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бастамасымен 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Қолжетімді спорт» жобасын Шымкент қаласында іске асырылуда.
Жоба қаладағы 4 саябақта (Орталық, Жеңіс, Металлургшілер саябағы және Абай саябағында) өткізілуде.
Бұл жобада 12 жаттықтырушы спорттың 4 түрінен (скандинавиялық жүріс, үстел теннисі, каратэ, фитнес) қала тұрғындарымен жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Қала аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Tartyl Fest» турникте тартылу бойынша бесінші республикалық спорт фестивалі өткізілді.
«Tartyl Fest» спорт фестивалге 2085 қатысушы онлайн тіркеліп, 624 адам жарысқа қатысты. Онда шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекордты жаңартты.
Қатысушылар арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар және қыздар да болды. Таңертеңгі сағат 11:00 басталған жарыс алты сағатқа созылды.
20 тамыз күні Орталық саябақта «Спорт күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Брусья FEST» спорттық-бұқаралық фестивалі өтті. Іс шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және қаланың жас тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарта отырып, спорттың брусьяда тартылу түріне қызығушылыған арттыру болып табылады.
Жарысқа Алматы, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларының тұрғындары келіп, бақтарын сынады. Жалпы 357 адам тіркеліп, сайысқа түсті.
Жеңімпаздар 3 жас ерекшелігі бойынша анықталып, қаржылай сыйақымен марапатталды.
Айта кетейік, 2022 жылғы 10 айда жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрады.