13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі іссапармен келді. Сапар аясында министр «Алатау медиа» орталығында облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесті.
Келелі басқосуға аудан, қалалардағы телеарналар мен газеттердің Бас редакторлары, ақпараттық порталдардың жетекшілері қатысты. Жиынды «Turkistan Media Holding» ЖШС Бас директоры Жанахмет Ағыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында жаңа және дәстүрлі медианың негізгі проблемасы, коммуникация сала­сын­дағы маңызды мәселелер талқыланды.

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар және БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытындағы кешенді жұмыстарды баяндады.

Медиасфера – тек ақпарат тарату құралы ғана емес, қоғамдағы ұлттық сананы қалыптастырушы күш екені қай заманда, қай мемлекет болсын дәлелденген дүние.Журналистика – жанкешті мамандық. Тіпті, бір мақаланы ізденіп жазу үшін кейде күн мен түн, апталар жалғасуы мүмкін. Танымал журналист В.Познер былай деген екен: «Кез-келген кісіні журналистикаға үйрету мүмкін емес. Бұл мамандық адамның ішкі жан-дүниесінің айнасы». Демек, ол қоғамның адамы, қоғамда болып жатқан шындықты қалтқысыз көрсете білуге тиіс тұлға. Ол медиа нарықтағы құрылтайшы қожайындардың сөзіне еріп кетпеуі де керек. Кейде журналистің жеке басына қауіп-қатер төніп жатады, қоғамның қара нары атанып, әлеуметтік мәселелерді шыр-пыры шығып көтеріп жүрсе де, оның өз тұрмыстық жағдайы тасада ысырылып қалып та жатады. Міне, өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоятын осындай жандардың еңбегі еленбей жататын тұстары да аз емес.

— Жаңартылатын бұ­қара­лық ақпа­рат құралдары туралы заң жобасында бір­қатар жаңалық болады деп көзделіп отыр. Ақпаратқа қол жеткізу, журна­лис­тердің мәртебесін, кәсіби құзыретін арттыру және тағы басқа бірнеше өзгеріс енгізуді жос­парлап отырмыз, — деді Дархан Қуандықұлы.
Басқосуда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, «Түркістан» газетінің бас редакторы Мәлік Әлмаханұлы, «Арыс ақиқаты» газетінің бас редакторы Әбдімәлік Ағыбай, «Жануби Қозоғистон» газетнің Бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев БАҚ саласындағы бүгінгі қордаланған өзекті мәселелерді тілдеріне тиек етті. Қойылған сауалдарға министр Дархан Қыдырәлі жан-жақты жауап беріп, ұсыныстардың маңыздылығын жоғары бағалады.

Previous Post

Школьники из Шымкента стали победителями Всемирной олимпиады по робототехнике

Next Post

Шымкент : «Қолжетімді спорт» жобасы қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға ықпал етуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі