13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Әлемдік робототехника олимпиадасында шымкенттік оқушылар топ жарды

21 ноября, 2022
in Білім
0
Әлемдік робототехника олимпиадасында шымкенттік оқушылар топ жарды
Share on FacebookShare on Twitter

Германияның Дортмунд қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік робототехника олимпиадасында еліміздің оқушылары 2-орынға ие болды.

Жарыста шымкенттік Ж. Жабаев атындағы №26 мектеп пен №9 IT-лицейінің оқушылары Иманғали Мыңжасар мен Бибарыс Михаш зеректігімен ерекшеленіп, жеңімпаз атанды.

World Robot Olympiad (WRO) 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл алғашқы іріктеуден дүние жүзі бойынша 15000 команда қатысса, доданың финалдық кезеңіне 73 елден 365 команда жолдама алған болатын.

Айтып өтейік, Шымкент қаласының білім беру мекемелерінде 127 робототехника кабинеті бар, бұл шаһардағы білім ошақтарының 84,1%-ын құрайды.

Соңғы жылдары елімізде робототехниканы үйренуге бұл саланы меңгеруге арналған үйірмелерге деген сұраныс көбейіп келеді. Мемлекеттік мектептерге робототехниканы оқытуға арналған қымбат құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражат табу қиын. Алайда, жекеменшік білім ордалары бұл мәселенің шешімін біртіндеп тауып жатыр. Ата-аналар өз балаларын IT, инженерия және робототехника секілді мамандықтарға балаларын оқытқысы келеді. Бүгінгі таңда жекеменшік мектептер осы салаларды дамыту жолдарын іздеп жатыр.Заманауи балалар инженерия мен IT саласына қызғушылығы басым, ал робототехника сабақтарына қатты қызығады.  Робототехника үйірмелерімен айналысатын балалар әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады. Балалар үшін бұл үлкен тәжірибе, өзін-өзі көрсету тәсілі де, жаңа достар мен жаңа идеялармен алмасу алаңы. Қазақстандық мектеп оқушыларының әлемдік аренадағы жетістіктері бар. Солардың бірі Robotek робототехника мектебінің оқушылары 3 рет әлемдік ареналарда қатысып, Қазақстанның атағын әлемге танытып жүр. Бүкіләлемдік роботтар олимпиадасы (World Robot Olympiad) 2018 жылы Тайландта 120 команданың арасында 18 орын иеленсе, 2019 жылы Венгрия мемлекетінде 115 команданың ішінен 11 орынға табан тіреді. Сонымен бірге АҚШ-та Хьюстон қаласында болған First Lego League 2022 жарысында 100-ден астам ел қатысып, солардың арасынан 25 орын алды. Биыл елдің командасы WRO 2022 олимпиадасында екінші орын алды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзбілімолимпиадаработотехникаШымкент
Previous Post

Шымкент : «Қолжетімді спорт» жобасы қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға ықпал етуде

Next Post

Шымкентте биыл 11 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа ораналасты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі