13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің жас сарбаздары ұрыс машинасын жойды

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің жас сарбаздары ұрыс машинасын жойды
Share on FacebookShare on Twitter

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған бригадасының жас толымы Түркістан облысындағы оқу полигонында өзінің алғашқы жауынгерлік атыстарын орындап, жаудың брондалған техникасымен шайқасқа түсті.

«Дарбаза» полигонында күзгі әскерге шақырылған 130-дан астам сарбаз АК-74 қаруымен алғашқы оқ атуды және окоптан жаяу ұрыс машинасына граната лақтыруды іс-жүзінде орындады. Окоп ұяшығына паналаған әскерге шақырылушылар әскери техниканы өздерінің үстінен өткізіп, содан кейін оларға граната лақтырды.

Сынақтан өту алдында әскери қызметшілермен ұрыс машинасын, атыс қаруы мен гранатаның тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделеу бойынша сабақтар өткізілді.

Техникамен адам жекпе-жегі басталар алдында жас толым жиынының бастығы подполковник Ринат Калидолдин бұл жаттығудың пайда болу тарихына тоқталды. Ол 1943 жылы Курск шайқасы қарсаңында жаяу әскерлер жаудың танкілерінен қорқуды жою үшін жасалғанын еске салды.

— Мұндай сынақта адамның 14 тонналық темір астына жатуға және брондалған «құбыжықпен» жекпе-жекке шығуға моральдық дайындығы мен өз күшіне деген сенімділік өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ мұндай сынақтан кейін ғана әрбір жауынгер Отанның нағыз қорғаушысы болып саналу құқығына ие болады, өйткені бұл сөзсіз батылдықтың көрінісі, — деп аяқтады подполковник Ринат Калидолдин.

Бірінші болып оқу-жауынгерлік тапсырманы сабақ жетекшілері мен нұсқаушылары орындады. Олар әскери қызметшілердің кедергілер жолағынан өту кезінде, сондай-ақ өтіп бара жатқан техниканың астындағы окопта болған кезде психологиялық әсерді бірінші болып өздерінің басынан өткізді.

Сонымен қатар, жиын бастығы подполковник Ринат Калидолдин мұндай жаттығулар жауынгерлік дағдыларды пысықтауға ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты, кез келген жағдайда жауынгерлік тапсырманы орындау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

— Жас толыммен далалық сабақтарды өткізу «алғашқы әскери дайындық» курсының соңғы кезеңі болып табылады. Ант қабылдағанға дейін бір ай ішінде олар әскери істің негіздерін игерді: әскери жарғыларды, инженерлік және бастапқы медициналық дайындық негіздерін зерделеп, жалпы әскери пәндер бойынша сабақ өтті. Бұл курс жас сарбаздарға одан әрі қызметке, тәртіпке бейімделуге, дене дайындығы мен саптық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі, – деп қорытындылады подполковник Ринат Калидолдин.

Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметшілер әскери ант береді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоны
Previous Post

Шымкент: "Қамқоршылар күні" мерекесі өтті

Next Post

САЙРАМ: ТҮЛЕКТЕРДІҢ 75 ПАЙЫЗЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі