13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: «Қамқоршылар күні» мерекесі өтті

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Білім басқармасының ұйымдастырумен «Балаларға базарлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент: «Қамқоршылар күні» мерекесі өтті

Шымкентте «Қамқоршылар күні» мерекесі аталып өтілді. Бүгін мереке ұшқыны сезіліп, аялы алақаннан алыстаған бүлдіршіндерді қамқорлықтарына алған жандарға құрмет көрсетілді.

Қаймықпай қадам жасап, ата-аналық міндеттерін мінсіз орындап жүрген қамқоршыларды қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып құттықтады. Мереке иелеріне ілтипат білдірді. Бұдан соң, басқарма басшысы Ж.Арысбекқызы сөз алып қамқоршы жандарға алғысын жеткізді.

/24 жалпы орта мектеп базасында өткен іс-шарада демеушілер көмегімен 115 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қыстық жылы киімдер сыйға тартылды. Бүгінде қаламызда 745 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 13 бала патрионаттық тәрбиеде.

Мереке соңында көпбалалы бес қамқоршы мен 8 демеушілер алғыс хаттармен марапатталды. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Осылайша «Қамқоршылар күні» мерекесі өз деңгейінде атап өтілді.

Жалпы білім басқармасы тарапынан атаулы күндер шет қалған емес. Мәселен: Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мекемелерде ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту және «Үштік одақ» жүйелі жұмыстарын жандандыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірегейі №135 жалпы орта білім беретін мектебінде «Атамның ақ батасы», «Әке көрген оқ жонар», «Мен анамның қолқанатымын» өнер байқаулары және «Толағай» отбасылық спорт сайыстары өткізілді. Аталар, әжелер, әкелер, аналар мектебін қалыптастырып, өскелең ұрпақ бойына отбасылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіруде үлкен мәнге ие. Ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу мен салауатты өмір салтын ұстануға негізделген шараларға шәкірттер ат-аналарын жұптасып өнер көрсетті. Қай кезеңде болмасын, бақыт мекені саналатын – жанұя тәрбиесі болашақ тұлғасын іргетасын қалайтыны сөзсіз.

Previous Post

Шымкент: «Аналар жүрегі» комитетінің төрайымы сарбаздардың өмірімен танысты

Next Post

Шымкенттің жас сарбаздары ұрыс машинасын жойды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі