13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ТҮЛЕКТЕРДІҢ 75 ПАЙЫЗЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

24 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ТҮЛЕКТЕРДІҢ 75 ПАЙЫЗЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Share on FacebookShare on Twitter

Түлектерінің 75 пайызы тұрықты жұмыспен қамтылған. Шәкірттері теориялық білімді сіңіріп, практикалық тәжірбиеге төселеді. Бұл Сайрам ауданындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі. Жұмыс берушілер күні қарсаңында білім ұясында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Жас маман» ресурстық құзыреттілік орталығы ашылды.
Іс-шараға аудандық кәсіпкерлер палатасы, аудандық жұмыспен қамыту орталығы, ЖШС «Гаухар» тігін фабрикасы, ӨК «Алишер Науи» төрағасы, ЖК «Адахамов», «Құдаберген»ШҚ басшылары қатысты. Жұмыс берушілер Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хаттарымен және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл өндіріс орындарының өкілдері колледжбен тұрақты байланыста жұмыс істеп жүр.

Атаулы күнде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Жас маман» ресурстық құзыреттілік орталығының ашылу салтанаты өтті. Құзыреттілік орталықтар құрудағы мақсат: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауда әлемдік және отандық ғылымдағы инновациялық жаңалықтар мен жетістіктерді,олардың өндіріс орындарында қолдану жағдайы мен тиімділігі, осыған орай орта және жұмысшы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру.
Колледж бұл күнде Манкент шипажайының еншісіндегі жерді игеріп отыр. Оларға агротехникалық қызмет көрсетуде. Сонымен қатар екеуара меморандум жасалған кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс атқаруда. Ынтымақтастық арқасында өткен жылы оқу орнын тамамдаған 195 студенттің 157 –і тұрақты жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, Жастар жылының іске асырылу барысын талдау қорытындысына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын одан әрі жетілдіруге арналған жаңа бағыттар әзірленге еді. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылғы жоспарлы бюджетке түзетулер енгізіліп, осыған сәйкес бөлінген қаражаттың кемінде жартысы жастарға арналған қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй салуға және оны еңбекпен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастар саясаты аясында ұйымдастыру іс-шараларының саны мен баспа өнімдерін шығару он есеге қысқартылды. Оған қоса, жастар саясаты шараларын қамтуға арналған жиынтық шығыны 500 мың теңгеге дейін жеткізілді.

Previous Post

Шымкенттің жас сарбаздары ұрыс машинасын жойды

Next Post

ТҮРКІСТАНДА МӘУЛІТ КЕШІНДЕ 6 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі