13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент : Жұмыс берушілер күні салтанатты түрде атап өтілді

18 ноября, 2022
in Қоғам
0
Шымкент : Жұмыс берушілер күні салтанатты түрде атап өтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмыс беруші күні» аталып өтілді. ТжКБ беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Жұмабекұлы, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы, ТжКББ бөлімінің басшысы Алтаева Жанар Бекетқызы және колледждің әлеуметтік серіктестері
«Alliance Buildings» ЖШС директоры Кадиров А.А., «Югдорстрой» ЖШС директоры Махкамбаев М.М., «Altai Bulding LTD» директоры Хайтметов С.М., ЖК «Дилбаржон» директоры Мирякубова Д., т.б. бірқатар жұмыс берушілер қатысты. Салтанатты іс-шара келген қонақтарды колледж студенттерінің қолөнер көрмесін таныстырумен басталып, жалғасы колледждің акт залында өткізілді. Колледж директоры Елекеев Марс Атымтайұлы келген қонақтарды таныстырып, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлына сөз берді. Құттықтау сөз сөйлеген әкім орынбасары ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің «Алғыс хатымен» жұмыс беруші кәсіпкер «Югдорстрой» ЖШС директоры М.Махкамбаевқа, ЖК «Турсунбаев У» директоры У.Турсунбаевқа, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтің «Алғыс хатымен» «Alliance Buildings» ЖШС директоры А.Кадировқа берді. Келесі кезекте сөз алған Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ЖК «Дилбаржон» директоры Д.Мирякубоваға өз алғысын білдіріп «Алғыс хат» табыстады.
Колледж директорының ОӨІЖ орынбасары Н.Ерғазы «Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілер» — тақырыбында баяндама жасады. Жиын барысына бірқатар жұмыс беруші, кәсіпорын басшыларына колледж директоры М.Елекеевтің арнайы «Алғыс хаты» беріліп, колледжбен ЖК «Дилбаржон» мекемесі, «Югдорстрой» ЖШС мекемелері арасында екі жақты меморандум (келісім-шартқа) қол қойылды. Жиын соңында келген қонақтардың құрметіне, колледж көркем өнерпаздары тарапынан дайындалған концерттік бағдарламасына ұласты.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжұмысшылар күніШымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов «Болашақ-7» кәсіпорынының жұмысымен танысты

Next Post

“ШЫМКАЙ” жиһазы ел нарығында сұранысқа ие

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі