13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“ШЫМКАЙ” жиһазы ел нарығында сұранысқа ие

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
“ШЫМКАЙ” жиһазы ел нарығында сұранысқа ие
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Тассай” индустриялды аймағында орналасқан “ШЫМКАЙ” кәсіпорнына барып, жұмыс барысын көрді.

Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.

“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адама тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.

Айта кетейік, Шымкентте үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында 89 млрд. теңгеге 63 кәсіпорын бой көтерген. Соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал екінші бесжылдықта 97,4 млрд. теңгеге 41 жоба қолдау тауып, соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 млрд. теңгеге 90 жоба жүзеге асып, 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Индустриалды аймақтар мен мен АЭА қала экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.Бүгінгі таңда қала аумағында «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриялды аймақтарының аумағы 426 гектарды құрайды. Қазіргі таңда ИА аумағы 95 пайызға толған. Шаһарда өнім көлемі артқан бірнеше саланы атап өтуге болады. Ең бірінші кезекте қарқынды жүріп тұрған өнеркәсіп жиһаз өндіру саласы болып тұр. Одан кейінгі орынға химия өнеркәсібі, сосын  резина және пластмасса бұйымдарын шығару, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру және негізгі фармацевтикалық өнімдер мен жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, тамақ өнімдерінің өн­дірісі тұрақтайды. Республикада өндіріле­тін мақта маталарының  96,6 пайызы, мақта майының 93,3 пайызы, көміртегі диоксидінің  66,5 пайызы, шұлықтың 60,8 пайызы, дәрі-дәрмектің 35,4 пайызы, цемент клинкерінің 20,4 пайызы және портландцементтің  22,3 пайызы, макарон өнімінің 17 пайызы Шымкент қаласының үлесінде.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзжиһазМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Шымкент : Жұмыс берушілер күні салтанатты түрде атап өтілді

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қоғамдық штаб мүшелері еңбек адамдарымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі