13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов «Болашақ-7» кәсіпорынының жұмысымен танысты

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов «Болашақ-7» кәсіпорынының жұмысымен танысты
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте өндіріс өркен жаюда. Бұл үшінші мегаполистің шағын және орта кәсіпкерлік жұмысты бастауға, бизнес адымының ашылуына ең қолайлы аумақ екенінің тағы бір нақты дәлелі болса керек. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын аралап, жұмыс барысымен танысты.  Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриялды аймағынан бой көтерген. Компания басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша  қазіргі таңда мұнда айына 14 түрлі 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.  «Болашақ-7» ЖШС-нің энергетикалық сусындары Bizon атауымен жұртқа танымал. Аталған зауыттың басты ерекшелігі, мұндағы сусындарды металл құтыларға құяды. Осылайша, сусынды металл құтыға қойып шығаратын бірден бір отандық кәсіпорын болды.  Құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Кәсіпорында қазіргі таңда 37 адам жұмыспен қамтылып отыр.  Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.  Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан “Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.  Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.  Айта кетейік, 2016 жылы ашылған «Тассай» индустриялды аймағының аумағы бүгінде толық,  100 пайызға жұмыс істеп тұр. Аталған  индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнымен 5 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзкәсіпкерлікМұрат Әйтенов
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР ТОЙЫ ӘНҰРАНМЕН АШЫЛДЫ

Next Post

Шымкент : Жұмыс берушілер күні салтанатты түрде атап өтілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі