13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады

Шымкентте медициналық көмекке жүгінетін азаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360 орындық күндізгі стационар жабылды.

16 июля, 2020
in Денсаулық
0
Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады
Share on FacebookShare on Twitter

Естеріңізге салсақ, қалада ЖРВИ мен пневмониямен ауырғандар санының күрт өсуіне байланысты қала әкімдігі 15 күн бұрын спорт кешенінен күндізгі стационар ашқан болатын.

Стационарда алғашқы бірнеше күнде 500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Бүгінде қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастады. Сондықтан соңғы бес күн ішінде стационарға келушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әр емханадан екі-үш емделуші келді.

Сондай-ақ, емханалар жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орындардың ашылуына байланысты аталған спорт кешеніндегі стационар қызметіне жүгіну қажеттілігі төмендеді. Осы себепті қала әкімдігімен жеңіл атлетика аренасындағы күндізгі стационардың жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бүгінде спорт кешенінде тиісті дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондағы бірқатар жабдықтар емханаларға берілді.

Жұмыс кестесіне сәйкес күніне сағат 08:00-20:00 аралығында қаланың барлық емханаларынан келген 50-ден астам медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

Previous Post

Түркістан полицейлері азаматтарға ескерту жасады

Next Post

Түркістан облысында кезекті заңға қайшы әрекет жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі