13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда дәріханалар 130 мыңға жуық дәрілік заттармен қамтылады

Осы аптаның соңына дейін Түркістан облысында 22 түрлі дәрі-дәрмектің 128 мыңнан астам данасы дәріхана сөрелеріне сатылымға шығады.

15 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістанда дәріханалар 130 мыңға жуық дәрілік заттармен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бұдан бөлек, шілде айының 20-нан кейін Түркия елінен облысқа 41 түрлі еуропалық сапасы жоғары дәрілік заттар жеткізіледі.
Облыстағы дәрі-дәрмек жетіспеушілігін жою мақсатында өткен аптада Түркістан қаласына 136 түрлі 2 тонна дәрі-дәрмек келсе, бүгін 20 млн теңгеге 140 түрлі дәрілік препараттар жеткізілді.
Дәріханаға түскен дәрілер шекті бағамен сатылады. Бұл процесті құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, басқарма басшылары, әкімдік қызметкерлері және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы кіретін мониторингтік топ бақылайды.
Аталған дәрілер жергілікті әкімдіктермен Меморандумға отырған 153 дәріханаға таратылады. Меморандумда әкімдік пен дәріхана міндеттемелері айқын көрсетілген. Атап айтқанда, аудан-қала әкімдіктері медициналық заттар мен дәрілік препараттардың сатылымға шығуын үйлестіреді және бақылайды. Ал дәріханалар медициналық заттар мен дәрілік препараттардың шекті бағасын ұстанады. Антибиотиктер мен антикоагулянттар дәрігер жазып берген рецепт бойынша ғана босатылса, өзге дәрілер де бір адамға екі данадан ғана сатылады. Дәріхана иесі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттамаға сәйкес сатылымдағы дәрілік заттың 41 атауы және шекті бағасы жазылған тізімді дәріханаға адам көзіне бірден түсетін жерге іліп қоюы тиіс.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Previous Post

Түркістанда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды

Next Post

Түркістан полицейлері азаматтарға ескерту жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі