13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды

Бұл заңбұзушылық дерегі бойынша дәріхана иесі заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

15 июля, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістанда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ Түркістан қаласында орналасқан дәріханаларға арнайы барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды 13kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мониторингтік жұмысшы топтың құрамына Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторингтік топ мүшелері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты. Жүйелі жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында дәріхана ұйымдарында дәрі-дәрмектерінің жетіспеушілігі анықталды. Мәселен, «ИП Ербұлан», «ИП Джапақов» дәріханаларында сұранысқа ие дәрілік заттардың, соның ішінде цеф ІІІ, парацетамол, азитромицин, ингаверин, меропенем, аскорбиновая кислота, цефамед, дексаметазон жоқ болып шықты. Сондай-ақ, түркістандық дәріханаларға Алматы қаласынан 136 түрлі аса қажетті дәрі-дәрме әкелінгендіктен, бірқатар дәріханаларда науқас жандарға қажетті дәрі-дәрмек түрлерінің бар екендігі де белгілі болды. Дәріханалардағы баға өсіміне мониторинг жұмыстары Кентау қаласында да жүргізіліп, нәтижесінде «Балабиева и К» дәріхана ұйымының дәрілік заттарды бекітілген шектік бағадан өсіргендігі анықталды. Бұл заңбұзушылық дерегі бойынша дәріхана иесі заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Previous Post

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігерлер келді

Next Post

Түркістанда дәріханалар 130 мыңға жуық дәрілік заттармен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі