13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022” БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ҮЗДІК АТАНДЫ

18 ноября, 2022
in Uncategorized
0
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022” БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ҮЗДІК АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Республикалық “Үздік педагог-2022” байқауы өз мәресіне жетті.

Салтанатты марапаттау рәсімі елордадағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде өтті. Астанада өткен салтанатты іс-шарада мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.

Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл байқауға мұғалімдердің рекордтық саны, яғни 5,5 мыңнан астам мұғалім қатысты. Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Олар қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар қойылды және т.б. бақылай алды.

Мегаполисімізде шәкірттерінің сүйікті ұстазы бола білген үлгілі ұстаз, еңбек жолында бірнеше қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалар мен интеллектуалдық байқауларда жеңімпаздар дайындап, өз тәжірибесін республика деңгейінде таратып жүрген шығармашыл ұстаздар іріктеу байқауынан өтіп, республикаға жолдама алған педагогтеріміз “Үздік” атанды.

Торғаев Бауыржан Пірматұлы —

Дарынды балаларға арналған «№1 мамандандырылған ІТ лицей-интернаты».

Суйеуов Нурлан Касымович

«Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты» .

Жантурсынова Лэззэт Амантаевна

«Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі»

Міне осылайша байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Үздіксіз шығармашылық ізденіс пен тынымсыз еңбектің нәтижесінде қол жеткізген жарқын жетістіктеріңізбен ​ шын жүректен құттықтаймыз!

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА "ТАБИҒАТТА ҚОҚЫСҚА ОРЫН ЖОҚ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

«ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТІ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТІ»

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі