13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТІ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТІ»

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
«ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТІ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТІ»
Share on FacebookShare on Twitter

Аудандық мәдениет сарайында «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігінің кезекті жиыны өтті. Келелі жиында аудандағы шығармашыл жастардың басын қосқан ұйымның жыл басынан бері қолға алып, іске асырған жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлары пысықталды.

Шара барысында бірлестік төрағасы Сағындық Қыдыр биыл аудан әкімдігінің қолдауымен балалар жылы аясында «Өмірдің бір қызығы бала деген» атты жазба ақындар айтысы ұйымдастырылып, ақындардың өлеңдері аудандық «Отырар алқабы» газетінде жарияланғанын, сондай-ақ, ұлағатты ұстаз, ақын Жұмакүл Нәлібаеваның 60 жасқа толуына орай «Жүйріктердің жұлдызын жаққан ұстаз» атты шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткенін айтып өтті. «Осындай ауқымды іс-шараларды өткізуге жағдай жасап, ерекше көңіл бөлген аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановқа және оның орынбасарлары мен атсалысқан барлық азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін»,-деді бірлестік төрағасы.

Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов та сөз алып, киелі ауданымызда ақындар мектебі қалыптасып келе жатқанын, сонымен бірге әдебиетке, өнерге құштар жастарымыздың қатары артып келе жатқанын айтып, өнерді бағалайтын ел барда, оны биікке жетелейтін өнер иелері барда әкімдік бірлестіктің жұмыстарына әрдайым қолдау көрсете беретінін жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары бірлестік мүшелеріне арнайы дайындалған төсбелгі мен куәліктерді табыстап, шығармашалық жұмыстарына толғай табыстар тіледі.

Рас биылғы жылы бірлестік мүшелері де біраз жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен республикалық жас ақындар айтысында топ жарған Даниял Болысбек «Күміс Домбыра» иегері атанса, оның ұстазы Дәурен Ақсақалов Жамбыл облысы, Меркі төрінде өткен мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста 1 орынды иеленді. Сондай-ақ, Төлеби ауданның 90 жылдық мерейтойына орай өткен «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық өнер фестивалінде де жерлестеріміз өздерінің мықты екендерін дәлелдеп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан еді.

Осы фестивальде қылқалам жанры бойынша Рена Табылхан І орын, жазба ақындар мүшәйрасында Дәурен Полатбаев ІІІ орын, айтыс жанры бойынша Ахметрасул Баянбай бас жүлдені иеленіп мерейімізді үстем етті.
Салтанатты жиында өлкетанушы, этнолог, әдебиеттанушы Абдулла Жұмашов қазақ даласына белгілі ақын, сатирик Асқар Тоқмағамбетов алғаш негізін қалаған «Отырар әдебиеті және өнері» бірлестігінің жұмысы қайта жанданып жатқанына ризашылығын білдірді.

Шарада ақын Дәурен Ақсақалов домбырасын қолына алып «Бірлестігім өзіңді сағындық қой» деп бастаған арнау өлеңін «Жақсылықта қосылсын бастарымыз» деген шумақтармен түйіндесе, бірнеше байқаулардың жеңімпаздары Мұхтар Асанов пен Асқар Сапарбаев Кенен Әзірбаевтың «Ақыл-нақыл», Шылбы Көмекұлының «Жігітке ақыл айтсам елемес пе» атты термелерін нақышына келтіре орындады. Кеш соңы аудандық мәдениет сарайы әншілерінің орындауындағы ақын Жұмакүл Нәлібаева мен сазгер Сағынтай Құттыбайдың әніне жазылған «Өнер құсы» атты әуезді әнмен қорытындыланды.

Previous Post

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022” БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ҮЗДІК АТАНДЫ

Next Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКСОЙ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі