13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАБИҒАТТА ҚОҚЫСҚА ОРЫН ЖОҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ТАБИҒАТТА ҚОҚЫСҚА ОРЫН ЖОҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына орай «Табиғатта қоқысқа орын жоқ» акциясы аясында Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен сенбілік ұйымдастырылды.Аталмыш шараға орталық қызметкерлері және ерікті жастар атсалысты.

Акцияны өткізудегі негізгі мақсат — аудан тұрғындарына туған өлкелерін таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы тазалыққа шақыру. Алдағы уақытта бұндай акция ауданымыздың басқа да ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.

Бүгінде облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Қазір барлығы 13 629 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде. Облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарында бүгінде 30 млн данадан астам әртүрлі орман ағаштарының көшеттері өсіріліп жатыр.

Қала тазалығы – мәдениеттіліктің өлшемі. Бұл аксиома шағын кентке де алып мегаполиске де ортақ. Айналаны таза ұстауда ұжымдық еңбектің көмегі көп. Яғни, табиғатты аялауға шақыратын марафондар, сенбіліктер өткізудің мәні зор. Осы бағытта тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан облысы, Арыс қаласында жыл басынан түрлі шаралар өткізілді. Бұл бағыттағы көптеген шаралардың ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы «Жастар ресурстық орталығы» болды.

Жыл басынан бері Түркістан облысы, Арыс қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» адамзаттың табиғатқа деген жанашырлығын оятып, жауапкершілігін күшейту мақсатында түрлі шараларды қолға алуда.

Аталған орталық «Тазалық – денсаулық кепілі» атты акция аясында жыл басынан бері тұрақты түрде сенбіліктер өткізуді ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – жергілікті тұрғындарды айналаны тазалауға шақыра отырып, табиғаттың күл-қоқысқа көмілуін алдын-алу, қоршаған ортаны қорғау. Игі шаралар арқылы қаланың ажарын ашып, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру болып табылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сауранда екі ауылдық округке табиғи газ берілді

Next Post

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022” БАЙҚАУЫНДА ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДАР ҮЗДІК АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі