13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сауранда екі ауылдық округке табиғи газ берілді

18 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сауранда екі ауылдық округке табиғи газ берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында екі ауылдық округке табиғи газ берілді. Түркістан облысында ауылдарды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауран ауданы, Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ берілді. Табиғи газға қосылу шарасына Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы, аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауыл ақсақалдары және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Түркістан газ шаруашылығының басшысы Ақиқат Абдуллаев қатысып, халықты «көгілдір отынның» келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.

Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерде ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алады.

Еске салсақ, қазан айында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты 600-ден астам тұрғыны бар Теспе және 1000-нан астам тұрғыны бар Ықыластемір ауылдарына табиғи газ берілді. Қос ауылдың көптен күткен қуанышына ортақтасуға Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. Теспе ауылына газ тарту жұмысын «Texprom» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға қаралған қаржының көлемі – 150 млн 726 мың теңге. Абонент саны – 104. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 13,7 шақырым. Ықыластемір ауылына газ тарту жұмысын «Нұрай құрылыс жолы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Тиісті жұмыстарға 54 млн. 887 млн. теңге қаралған. Абонент саны – 169. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 6,9 шақырым. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында 9 елді мекен газбен қамтылған. 2022 жылдың қорытындысымен 24 574 жеке тұрғын табиғи газға қол жеткізіп, көрсеткіш 19,6%-ға жетеді. Жалпы, биыл Ордабасы ауданы бойынша 24 елді мекенде 28 газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Барлығы 2023 жылға өтпелі. Келесі жылы 24 елді мекенде газ нысандары іске қосылған жағдайда барлығы 69 952 тұрғын (57,3%) табиғи газға қол жеткізбек.

Previous Post

КЕНТАУДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1587 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА "ТАБИҒАТТА ҚОҚЫСҚА ОРЫН ЖОҚ" АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі