13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның ауқымды ресурстық базасы, адами капиталы мен туристік әлеуеті түркі елдерін біріктіретін «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құруға қолайлы. Бұл жөнінде облыстық Инвестиция және экспорт басқарма басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова бастаған делагация Өзбекстан Республикасының инвесторларымен кездесуінде атап өтті.
Аталмыш аймақтың ерекшелігі мен мүмкіндіктері, жеңілдіктері таныстырылған соң Хорезм облысы әкімдігі мен Түркістан облысы делагациясы арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Хорезм және Ферғана облыстарында орналасқан тоқыма өнеркәсіптерінің әлеуетімен танысқан түркістандық делегация өкілдері инвесторларға — Түркістан облысында кәсіпорын ашуға жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктерді таныстырды.
Үргенч және Ферғана қалаларында орналасқан «UrTex CARPETS», «Urgench Cluster Group», «Urgench Baxmal», «Gurlan Global Teks», «Uztex Shovot» және «Fergana Global Textile» тігін фабрикалары, сонымен қатар, «Oltyn Vody», «Qoqan CHARIM» тері өңдеу кәсіпорын басшыларымен кездесу арқылы Түркістан облысында бизнес әлеуетін кеңейтуге болатындығы жайында сөз болды. Кездесу соңында қос тарап бірлескен сындарлы жұмысы арқылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты әріптестікті нығайтуға өз ықпалын тигізетіндіктеріне сенім білдірді.
Айта кетейік, елімізде тоқыма өндірісінде негізгі үлесті Түркістан облысына (31%) және Шымкент қаласы (25%) тиесілі. Дәстүрлі түрде мақта Түркістан облысында өсіріледі. Тиісінше, мақта өңдеу кәсіпорындары негізінен оңтүстік өңірде шоғырланған.

Previous Post

САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ - САРАПШЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі