13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ — САРАПШЫ

21 ноября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙЛАУ НӘТИЖЕСІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫНЫН БІЛДІРЕДІ — САРАПШЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Сайлау нәтижесі реформалардың жалғасатынын, Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бастамалардың жүзеге асатынын білдіреді. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты.
«Биылғы сайлау Қазақстанның саяси жүйесін толығымен қайта құру жолындағы шешуші қадам болғаны сөзсіз. Сайлау бойынша жасалған алдын ала қорытындылар мен экзит-пулл мәліметтері қазірдің өзінде тиісті нәтижені шығаруға мүмкіндік береді. Сайлау науқаны демократиялық нормаларға сай өтті», — деді А.Жолдыбаева «ҚСЗИ GPS» сараптамалық алаңы отырысында.
Осы орайда ол жаңа президенттік мандат референдумнан кейін өкілеттіктері жағынан айтарлықтай қысқарғанын еске салды. Мемлекет басшысы қазіргі кезде де, болашақта да биліктің монополиялануына жол бермеу мақсатында кезектен тыс сайлау өткізу және бір реттік президенттік мерзімді бекіту қадамына барды.
А.Жолдыбалина ел халқы Мемлекет басшысына тағы да сенім білдіріп, сайлаушылардың басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергенін айтты.
Сарапшының пайымынша, сайлау нәтижесі реформалардың жалғасатынын, Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бастамалардың жүзеге асатынын білдіреді. Келесі жеті жылда экономиканы монополиясыздандыру және саяси институттарды, әсіресе, жергілікті деңгейде нығайту бойынша қадамдар қамтылмақ.
Сонымен қатар биылғы сайлауда байқаушылар ерекше белсенділік танытқанын жеткізді.
«Ел халқының да белсендігі жоғары деңгейде. Мемлекет басшысының әрбір әрекеті қоғамның жіті назарында тұрғанын айтқан жөн. Сайлау қорытындысы қоғамда әділдікке, бәсекеге қабілеттілікке және нақты нәтижелерге сұраныстың бар екенін көрсетті», — деді институт өкілі.
Previous Post

Дорожники-источник движения мегаполиса

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі